Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әкімінің орынбасары
Қаратөбе ауданының әкімдігі
Батыс Қазақстан облысы
Жалпы біліктілік талаптары
Е-1 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Педагогика және психология
- Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау
- Гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдер даярлау
- Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау
- Әлеуметік педагогика және өзін-өзі тану мамандарын даярлау
- Бизнес және басқару
- Құқық
- Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
- Телекоммуникациялар
- Агрономия
- Агроинженерия
- Қызмет көрсету саласы
- Гигиена және өндірісте еңбекті қорғау
- Көлік қызметтері
- Тарих
- Құқық және экономика негіздері
- Кәсіптік оқыту
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Мәдениеттану
- Әлеуметтану
- Саясаттану
- Аймақтану
- Статистика
- Қоғамдық байланыс
- Әлеуметтік жұмыс
Функционалды міндеттер
1.ҚР Президентінің Жарлықтары мен Үкімет қаулыларының облыс, аудан әкімдігінің қаулыларын, шешімдері мен өкімдерінің, жоғарғы органдардан келген тапсырмалардың орындалуына бақылау жасау;
- Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы тиісті көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз ету;
- Қаратөбе аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, Қаратөбе аудандық экономика және қаржы бөлімі, Қаратөбе аудандық ішкі саясат бөлімі, Қаратөбе аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімдеріне басшылық жасайды және жұмысын қадағалайды;
- Аудан бойынша ұзақ, орташа, және қысқа мерзімді әлеуметтік экономикалық болжамдар жасақтайды; Бюджеттің орындалуын және мақсатты жұмсалуын, бюджеттік саладағы мекемелердің қаржы жұмыстарына бақылау жүргізеді, орындалуын қадағалайды;
- Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту жұмыстарын ұйымдастырды, үйлестіреді және орындалуын қамтамасыз етеді;
- Мәдениет және тілдерді дамытуға бағытталған мемлекеттік және аймақтық саясатты жүзеге асырады, оның орындалуын үйлестіреді, әдістемелік жағынан қамтамасыз етеді;
- Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
- Дене шынықтыру және бұқаралық спорттың бағыттарын жүзеге асырады, оның орындалуын үйлестіреді;
- Жастар саясатын жүзеге асыруды қамтамасыз ету, ұйымдастыру;
- Аудандық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асырады, аудандық бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін үйлестіріп отырады;
- Саяси партиялармен, діни және басқа да қоғамдық ұйымдармен байланысты жүзеге асырады.
- Жетекшілік ететін салалар бойынша мемлекеттік бағдарламалардың орындаулын қамтамасыз ету;
- Жеке және заңды тұлғаларды қабылдаулар жүргізеді;
- Ауданның жұмысына қатысты берілген өзге де тапсырмаларды орындайды.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
a.kadr@bko.gov.kz
- 11.03.2026
- Батыс Қазақстан облысы әкiмiнің аппараты, 090000, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы 179
-
Телефон 8-711-2-24-10-95