Батыс Қазақстан облысы білім басқармасы басшысының орынбасары (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалысы кезеңіне 2028 жылғы 8 шілдеге дейін)
Батыс Қазақстан облысының Білім басқармасы
Батыс Қазақстан облысы
512004
Жалпы біліктілік талаптары
D-О-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-3, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Функционалды міндеттер
Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптерін іске асырады, сонымен қатар білім беруді дамыту және аумақты дамыту мемлекеттік бағдарламаларынның қаржы бөлігін орындайды. Бюджетті жоспарлау, нақтылау, атқару, бюджеттік бағдарламаларды, білім беру саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды орындау бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеуін және нақтылауын бақылайды; Облыстық білім беру ұйымдарының, қалалар мен аудандардың білім бөлімдерінің ұсынған бюджеттік өтінімдерін қарастыру, олардың бағалауын жүргізу және бюджеттік өтінімдерді дайындау; Төлемдер мен міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарларын жасау; қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу өтінімдерін қарастыру және қаржы басқармасына өтінімдер дайындауды ұйымдастыру; Бухгалтерлік есеп және есептілікті жүргізу, төлем құжаттарын дайындау, бухгалтерлік және қаржы-экономикалық есептілігін уақытылы жасау және ұсынуды қадағалау; Тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алуын ұйымдастыру, мемлекеттік сатып алу бойынша есептілік жүргізу; Құрылысқа, күрделі және ағымдағы жөндеуге, білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын қамтамасыз етуге мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлауын және іске асыруын ұйымдастыру; Құқықтық қамтамасыз ету, заңды сақтау және Басқарманың құқықтық мүдделерін қорғау, Басқарманың және білім беру ұйымдарының қаржы тәртібін сақтау және қорғау бойынша жұмысын үйлестіреді және бақылайды. Облыс аумағындағы барлық білім беру ұйымдарының жылыту маусымына әзірлігін ұйымдастырады. Функционалдық міндеттеріне байланысты Басқарма басшысының басқа да тапсырмаларын орындайды. Білім басқармасының алқасын, жетекшілік ететін мәселелер бойынша облыстық семинарларды дайындау бойынша жұмысын жүргізеді, сондай-ақ жеке мәселелер бойынша азаматтарды қабылдайды, заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарайды. Бюджеттік жоспарлау, қаржыландыру және қаржылық есептілік бойынша білім беру ұйымдарының жұмысын қамтамасыз етеді. Басқарманың стратегиялық жоспарлау, материалдық-техникалық базаны және күрделі жөндеуді қамтамасыз ету бөлімі мен бюджеттік жоспарлау және бухгалтерлік есеп бөліміне жетекшілік жасайды. Еңбек тәртібін сақтап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырады және Қазақстан Республикасының басқа да қолданыстағы заңнамасын сақтайды. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген өзге де міндеттерді жүзеге асырады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
a.kadr@bko.gov.kz
- 04.02.2026
- Батыс Қазақстан облысы әкiмiнің аппараты, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 179
-
8-711-2-24-10-92