Батыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы су ресурстары және қаржылық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы
Батыс Қазақстан облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы
Батыс Қазақстан облысы
327923
Жалпы біліктілік талаптары
D-О-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
жұмыс өтілі үш жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Су ресурстары және суды пайдалану
- Агроинженерия
- Биология
- Экономика
- Есеп және аудит
- Экология
- Гидрология
- Құрылыс
- Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау
- 2009-Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау
- Қаржы
- Гидротехникалық құрылыс және ғимарат
- Гидрогеология және инженерлік геология
- Геоэкология және табиғатты пайдалануды басқару
Функционалды міндеттер
Басқарманың стратегиялық жоспарлары мен бюджеттік бағдарламаларын дайындауға қатысу. Балық ресурстарын қорғау мен пайдалануын реттеу жөніндегі аймақтық бағдарламаларды дайындау, жүзеге асыру және балық мәселелері бойынша табиғат қорғау шараларын өткізу бойынша жұмысты
ұйымдастырады. Су қорғау аймақтары мен белдеулерін орнату мен жобалауын әзірлеуді ұйымдастырады және қадағалайды. Су объектілерін пайдалану, қорғау бойынша мемлекеттік бағдарламалар үшін ұсыныстар дайындауды ұйымдастырады және қадағалайды. Жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларының жобаларын дайындауды ұйымдастырады және қадағалайды. Сумен жабдықтау көздерiнiң су қорғау аймақтарын, белдеулерiн және санитарлық қорғау аймақтарын белгiлеуді ұйымдастырады және қадағалайды. Коммуналдық меншiктегi су шаруашылығы құрылыстарын басқарады, оларды қорғау жөнiндегi шараларды жүзеге асыруды ұйымдастырады және қадағалайды. Мемлекеттік меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарының есебін жүргізеді, иесіз су шаруашылығы құрылыстары анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген рәсімдерді ұйымдастырады. Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекциялармен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен келiсу бойынша ауыз сумен жабдықтау көздерiнiң су қорғау аймақтарын, белдеулерiн және санитарлық қорғау аймақтарын белгiлеуді ұйымдастырады және қадағалайды. Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекциялармен келісім бойынша су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылық пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілеуді ұйымдастырады және қадағалайды. Конкурстық негізде уәкілетті орган айқындаған тәртіппен су объектілерін оқшау немесе бірлесіп пайдалануға беруді ұйымдастырады және қадағалайды. Бассейндік кеңестердің жұмысына және бассейндік келісімге қатысады, су объектілерін ұтымды пайдалану және қорғау, елді мекендерді сумен жабдықтау, су бұру жөніндегі ұсыныстарды бассейндік кеңестердің қарауына енгізеді, бассейндік кеңестердің ұсынымдарын зерделейді, оларды іске асыру жөнінде шаралар қолдануды ұйымдастырады және қадағалайды. Су объектілерін ұтымды пайдалану және қорғау, елді мекендерді сумен жабдықтау, су бұру жөніндегі, оның ішінде жерді гидромелиорациялау, су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралардың іске асырылуын қамтамасыз етуді ұйымдастырады және қадағалайды. Тиiстi аумақтарда орналасқан су объектiлерiнiң, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің жай-күйi туралы халықты хабардар етудi ұйымдастырады және қадағалайды. Елдi мекендердi шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшiн жерасты суларына іздестіру-барлау жұмыстарының орындалуын ұйымдастырады және қадағалайды, актілерге қол қояды. Су шаруашылығы объектілерінің құрылысына жауапты және қабылдауды ұйымдастырады және қадағалайды, орындалған жұмыстар актілеріне қол қояды. Жергiлiктi маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тiзбесiн бекiту бойынша жұмысты ұйымдастырады. Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) олардың учаскелерін кәсіпшілік балық аулауды, әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, көлде тауарлы балық өсіру шаруашылығын, тор қоршамада балық өсіру шаруашылығын жүргізуге арналған су айдындарына және (немесе) учаскелерге жатқызу өлшемшарттарына сәйкес кәсіпшілік балық аулауды, әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, көлде тауарлы балық өсіру шаруашылығын, тор қоршамада балық өсіру шаруашылығын жүргізуге арналған су айдындары және (немесе) учаскелер бойынша жергiлiктi маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тiзбесiн бекiту бойынша жұмыстарды ұйымдастырады. Кәсіпшілік балық аулауды жүргізу үшін бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін балық өсіруді (акваөсіруді) жүргізуге арналған балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелеріне ауыстыру жөніндегі комиссиясына қатысады. Жануарларға ауырып қалған, бекітіліп берілмеген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде олардың қырылу қаупі төнген жағдайда оларға көмек көрсету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады. Балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерiнiң резервтiк қорын қорғау бойынша жұмысты ұйымдастырады. Ғылыми ұсынымдар негiзiнде балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн паспорттау жұмысын ұйымдастырады. Жануарлар әлемін пайдалануға рұқсат беру бойынша жұмысты ұйымдастырады. Облыс аумағында жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы ғылыми зерттеулер мен жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырады. Резервтік қордың балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде балықтардың қырылу қаупі туындаған
жағдайларда уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшесінің шешімі негізінде мелиорациялық балық аулау бойынша жұмысты ұйымдастырады. Бюджеттік бағдарлама паспорттарын бекітуге дайындау. Қаржыландырудың жылдық жоспарларын құрастыру, қосымшаларға сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізу. Басқарманың қаржылық-экономикалық және шаруашылық қызмет мәселелерін шешеді, бюджеттік қаражаттардың тиімді және мақсатты орындалуын қамтамасыз етеді. Басқарма және оның құрылымдық бөлімшелеріне бөлінген бюджеттік қаражаттың мақсатты пайдалануын бақылау. Басқарманың қаржы, еңбек және материалдық ресурстарын тиімді пайдалануын бақылау, бюджет және қаржы жоспарларының орындалуын қадағалау. Уақытылы бюджеттік бағдарламаларды жүзеге асыру. Құжаттардың дұрыс рәсімделуіне, уақытылы жасалуына, операциялардың заңды болуына алдын-ала бақылау жасау, тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру, шарт қағаздарын, тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің төлем құжаттарын рәсімдеу.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
a.kadr@bko.gov.kz
- 10.12.2025
- Батыс Қазақстан облысы әкiмiнің аппараты, 090000, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 179
-
87112248067