Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімінің орынбасары

Мемлекеттік орган

Шыңғырлау ауданының әкімдігі

Аймақ

Батыс Қазақстан облысы

Санат

E-1 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

512004

Жалпы біліктілік талаптары

   Е-1 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Педагогика және психология
  • Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы
  • Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау
  • Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау
  • Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау
  • Гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдер даярлау
  • Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау
  • Әлеуметік педагогика және өзін-өзі тану мамандарын даярлау
  • Арнайы педагогика мамандарын даярлау
  • Өнер
  • Тілдер және әдебиет
  • Құқық
  • Агрономия
  • Мал шаруашылығы
  • Орман шаруашылығы
  • Балық шаруашылығы
  • Агроинженерия
  • Қызмет көрсету саласы
  • Гуманитарлық ғылымдар (білім саласы)
  • Халықаралық қатынастар
  • Әлеуметтану
  • Саясаттану
  • Психология
  • Журналистика
  • Аймақтану
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Қоғамдық байланыс

Функционалды міндеттер

Ішкі саясат, ұлтаралық қатынастар, тiл, мемлекеттiк жастар саясаты, білім беру, денсаулық сақтау, демографиялық саясат, діни конфессиялар, діни бірлестіктер, діни қызмет өкілдерімен өзара іс-қимыл жасау, аграрлық саясатты іске асыру, агроөнеркәсіптік кешенді реформалау және дамыту, дене шынықтыру және спорт, әлеуметтік әріптестік, көші-қон,мәдениет, сыбайлас жемқорлықпен күрес,  тұқым шаруашылығы, ветеринария, мал шаруашылығы саласында асылдандыру жұмыстары, табиғи ресурстарды пайдалану, жануарлар дүниесін және өсімдіктер әлемін қорғау, ауылшаруашылығы мақсаттары және мелиоративтік суландыру үшін сумен қамтамасыз ету, «Цифрлық Қазақстан», сайлау, аудан әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссиясының дін мәселелері жөніндегі жұмысын үйлестіру, еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау, атаулы әлеуметтік көмек көрсету, еңбек қауіпсіздігі саласындағы, Қазақстан Республикасының азаматтарын Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріне шақыруды қамтамасыз ету, нашақорлықтың алдын алу мен онымен күрес және ауылдық округ әкімдерінің қызметін (өкілеттігі шеңберінде) мәселелеріне жетекшілік етеді. Көктемгі егіс егу, егін жинау науқанына байланысты жанар–жағар майларды және тауарлық материалдық құндылықтарды арзандату бағытындағы комиссия, кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптау кеңесі, Шыңғырлау ауданы бойынша әлеуметтік әріптестік жөніндегі аудандық үш жақтық комиссиясы, әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі комиссия, мүгедектер істері жөнінде кеңес, 2008 жылғы 10 маусымдағы №9 «1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр кезеңінде 6 ай жұмыс істеген адамдардың жұмыс стажын белгілеу» жөніндегі арнаулы комиссиясы, ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын көрсету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру комиссиясы, әйелдер істері және отбасылық, демографиялық саясат жөніндегі комиссиясы, аудан әкімінің жанындағы кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқығын қорғау жөніндегі комиссиясы, аудан әкімдігі жанындағы жастар саясатын іске асыру туралы аудандық комиссияның, үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс- қимыл жасау жөніндегі кеңесі, тұрғындардың денсаулығын қорғау жөніндегі үйлестіру кеңесі, Шыңғырлау ауданы бойынша ана мен бала өлім – жітімін төмендету жөніндегі аймақтық штабы, Шыңғырлау ауданы әкімі жанындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері жөніндегі комиссия, терроризмге қарсы комиссиясының жанындағы жұмыс тобы, мемлекеттік органдардың нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметін үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық штабы, семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу мақсатында арнайы комиссиясы, аудан әкімдігі жанындағы шекаралық мәселелер жөніндегі үйлестіру кеңесі, қылмыстық жазасын және қылмыстық – құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу жөніндегі, сондай–ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультативтік–кеңесші органның жұмысын басқарады.         

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 25.11.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

26.11.2025 – 28.11.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 25 МБ

Сұхбаттасу күні

03.12.2025

Сұхбаттасу орны

Батыс Қазақстан облысы әкiмiнің аппараты, 090000, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 179

Анықтама алу үшін байланыс

8-711-2-24-06-30