Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты өтініштер бөлімінің бас инспекторы
Батыс Қазақстан облысының әкімдігі
Батыс Қазақстан облысы
327923
Жалпы біліктілік талаптары
D-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Педагогика және психология
- Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы
- Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау
- Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау
- Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау
- Гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдер даярлау
- Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау
- Әлеуметік педагогика және өзін-өзі тану мамандарын даярлау
- Өнер
- Тілдер және әдебиет
- Әлеуметтік ғылымдар
- Журналистика және ақпарат
- Бизнес және басқару
- Құқық
- Биологиялық және сабақтас ғылымдар
- Қоршаған орта
- Математика және статистика
- Геология
- Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
- Телекоммуникациялар
- Ақпараттық қауіпсіздік
- Инженерия және инженерлік іс
- Өндірістік және өңдеу салалары
- Сәулет және құрылыс
- Су шаруашылығы
- Агрономия
- Орман шаруашылығы
- Балық шаруашылығы
- Жерге орналастыру
- Су ресурстары және суды пайдалану
- Агроинженерия
- Ветеринария
- Денсаулық сақтау
- Қызмет көрсету (білім беру саласы)
- Қызмет көрсету саласы
- Гигиена және өндірісте еңбекті қорғау
- Көлік қызметтері
- Әскери іс
- Ұлттық қауіпсіздік
- Қоғамдық қауіпсіздік
- Гуманитарлық ғылымдар (білім саласы)
- Стандарттау, сертификаттау және метрология
- Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы
- Әлеуметтік жұмыс
Функционалды міндеттер
Пошта және электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі арқылы келіп түскен жеке тұлғалардың жазбаша және ауызша өтініштерін қабылдау кезінде құжаттама жасау және құжаттаманы басқару қағидалары өлшемшарттарының орындалуын бақылау. Облыс әкімінің блогына және онлайн-қабылдау бойынша келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау, тіркеу, өңдеу және облыс басшылығына қарау үшін мерзімінде жолдау.Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін бөлу және оларды қарау және жауап беру үшін облыс әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелеріне, басқа да мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға жіберу. Жеке тұлғаларды олардың өтініштерінің басқа мемлекеттік органға жіберілгені туралы Заңға сәйкес дер мерзімінде хабардар ету.Облыс әкімінің блогына және онлайн-қабылдау бойынша келіп түскен жеке және заңды тұлғалар өтініштерінің орындалу есебін жүргізеді. Орындаушыларға жеке тұлғалар өтініштерінің орындау мерзімі туралы хабарлайды. Орындалған жеке тұлғалар өтініштері бойынша карточкаларды толтыру, бақылаудан алу. Облыс әкімі және оның орынбасарларының, аппарат басшысының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының кестесін құрады. Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауларды, соның ішінде көшпелі жеке қабылдауларды ұйымдастырады. Облыс әкімі аппаратында немесе облыстың басқа елді мекендерінде жеке және заңды тұлғаларды, оның ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Президент Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімі меңгерушісімен бейнеконференцбайланыс форматында жеке қабылдауды ұйымдастыру.Облыс әкімі және оның орынбасарларының, аппарат басшысының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының материалдарын дайындайды. Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау аясында берілген тапсырмалардың орындалуына мониторинг жүргізеді. Аудандық/ауылдық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдар басшыларының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауын ұйымдастыруды және өткізуді бақылау. Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының фронт-офисінің жұмысын үйлестіреді. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің ресми сайтындағы бөлім парақшасында азаматтардың өтініштерін қарау бөлігіндегі, жеке қабылдау және басқа да анықтамалық және талдау ақпараттарын орналастырады. Бөлімнің құзыреті шеңберінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және өтініш берушілерге жауаптар жолдау. Мемлекеттік және жергілікті атқарушы, оның ішінде аудандық/ауылдық деңгейдегі органдарға жіберілген жеке және заңды тұлғалар өтініштерінің қаралуына бақылауды жүргізеді. Қала, аудан әкімдері аппараттарының, облыстық басқармалардың және бөлімдерінің қызметіне жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу, тіркеу, сондай-ақ қарау мәселелері бойынша әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді. Бөлімнің құзыреті шеңберінде жеке және заңды тұлғаларға консультативтік көмек көрсетеді. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне, олардағы сыни ескертулерге, жеке және заңды тұлғалардың заңмен қорғалатын құқықтары мен мүдделерінің бұзылуына негіз болатын, сондай-ақ олардың қайталап жүгінуіне себеп болатын себептер мен жағдайларға кешенді талдау жүргізеді. Өтініштерді талдау негізінде олардың туындауының экономикалық, саяси, әлеуметтік-мәдени алғышарттарын, аймақтық ерекшеліктерін ескере отырып, аймақтардың өзекті проблемаларының карталарын қалыптастырады және оларды тиісті органдарға жедел шешу үшін одан әрі таратады. Облыс әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерінде, қала және аудан әкімі аппараттарында, облыстық басқармаларда және басқа да мекемелерде жеке және заңды тұлғалар өтініштерінің қаралуына мониторинг жасайды. Мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғаммен өзара іс-қимылды ұйымдастырады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
a.kadr@bko.gov.kz
- 04.11.2025
- Батыс Қазақстан облысы әкiмiнің аппараты, 090000, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 179
-
8-711-2-24-06-30