Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты бірыңғай заң қызметінің бас инспекторы

Мемлекеттік орган

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі

Аймақ

Батыс Қазақстан облысы

Санат

D-3 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

Жалпы біліктілік талаптары

   D-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Ұлттық қауіпсіздік
  • Құқық және экономика негіздері
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Құқық қорғау қызметі

Функционалды міндеттер

Заңдылықты, азаматтардың бостандықтары мен мүдделерін қамтамасыз етудің жай-күйіне талдау жасауға қатысу.  Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарының, өкімдерінің, Үкіметі қаулыларының, басқа да республикалық нормативтік актілердің, облыс әкімдігі қаулыларының, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын бақылау және тексеруді қамтамасыз ету. Аппарат қызметінде заңнаманы жүзеге асыру, заңдылықты сақтау және норма шығармашылығы саласында мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы, құрылыс, мемлекеттік сатып салаларындағы құқықтық мәселелерге жетекшілік ету және қызметтік үйлестіру. Басшылыққа қол қоюға ұсынылған құқықтық актілер жобаларының заңнамаға сәйкестігін тексеру, жетекшілік ететін мәселелері бойынша құқықтық құжаттардың жобаларына бұрыштама қою. Сотта, сондай-ақ басқа да ұйымдарда мемлекеттік орган қызметінің құқықтық мәселелерiн қарау кезiнде белгiленген тәртiппен жетекшілік ететін басқармалардың мүдделерiн бiлдiру. Жетекшілік ететін мәселелері бойынша бақылау-қадағалау сипатындағы ұсынулар мен ұйғарымдарды, сондай-ақ соттың жеке ұйғарымдарын қарау. Жетекшілік ететін басқармалар әзірлейтін құқықтық актілердің, шарттардың, іс жүргізу құжаттарының, сондай-ақ өзге де құқықтық сипаттағы құжаттардың жобаларын әзірлеуге, оның ішінде оларды мемлекеттік органның басқа да құрылымдық бөлімшелері әзірлеген жағдайда келісу жолымен қатысу. Заңнамалық актілерде көзделген жағдайда жетекшілік ететін басқармалардың құзыретiне жататын құқықтық мәселелер бойынша түсiндірмелер дайындау. Тиісті сот талқылауына әкеп соқтырған негізгі себептер мен жағдайларды анықтау мақсатында жетекшілік ететін ұйымның қатысуымен даулар бойынша талап арыз жұмысының, сот тәжірибесінің жай-күйін талдау және оларды жою мен кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныстар енгізу. Заңды күшіне енген сот актілерін орындау жөнінде шаралар қабылдауды қамтамасыз ету. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қаулылардың жобаларын әзірлеуге қатысу, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасау бөлігінде қызметті үйлестіру жетекшілік ететін басқармалардың қызметінде туындайтын мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Азаматтардың арыз шағымдарымен және тағы басқа жолданымдарын қарастыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 06.10.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

07.10.2025 – 09.10.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 25 МБ

Сұхбаттасу күні

13.10.2025

Сұхбаттасу орны

Батыс Қазақстан облысы әкiмiнің аппараты, 090000, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы 179

Анықтама алу үшін байланыс

Телефон 8-711-2-24-10-95