Батыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы бұқаралық спортты дамыту бөлімінің басшысы (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалысы кезеңіне 2026 жылғы 14 қыркүйекке дейін)

Мемлекеттік орган

Батыс Қазақстан облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасы

Аймақ

Батыс Қазақстан облысы

Санат

D-O-3 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

327923

Жалпы біліктілік талаптары

   D-О-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   жұмыс өтілі үш жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Бастапқы әскери дайындық
  • Дене шынықтыру және спорт
  • Құқықтану
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Спорт менеджменті

Функционалды міндеттер

Бөлімге жалпы басшылық жүргізу. Жеке адамдардың тұрғылықты жері бойынша және олардың көпшілік демалатын орындарда спортпен шұғылдануы үшін инфрақұрылым құру. Облыста дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қызметiн үйлестiру, дене шынықтыру және спорттың материалдықтехникалық базасын құру және нығайту. Аккредиттелген өңірлік және жергілікті спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорттық-бұқаралық iс-шаралардың бірыңғай өңірлік күнтiзбесін бекiту және оның iске асырылуын қамтамасыз ету. Облыста дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі тұжырымдамаларын, бағдарламаларын, стратегиялық және операциялық жоспарлардың орындалуы туралы есептерді, ақпараттарды жинауды және талдауды жүзеге асыру. Білім беру ұйымдарының спорт ғимараттарын сабақтан тыс және кешкі уақытта халық үшін спорт секцияларының жұмысын қамтамасыз ету және спорттық іс-шаралар өткізу мақсатында пайдалану жөнінде шаралар қолдану. Облыстық маңызы бар құрылыс объектілер мен кешендердің жобалары бойынша салалық қорытындылар дайындау. Спорт түрлерінен облыстың аға жаттықтырушыларының жұмыстарын үйлестіру және есептерін қабылдау. Дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарын пайдалануды үйлестіру. Жергілікті аккредиттелген спорттық федерациялар жасақтап ұсынған, облыста бұқаралық және Спорт түрлерінен өткізілетін жарыстардың ережелерін (регламент) бекіту және жарыстарды өткізу бойынша жұмысты ұйымдастыру. Халықаралық және республикалық деңгейдегі жарыстарды өткізуге арналған спорттық ғимараттарды жобалау үшін техникалық өзіндік ерекшеліктер мен техникалық тапсырманы республикалық аккредиттелген спорт федерацияларымен келісу. Дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген нысанда және мерзімінде дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органға ұсынады. Жоспарланған және өткізілген спорттық ісшараларды бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып отыруын қамтамасыз ету және бақылау. Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы №832 қаулысымен бекітілген Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды сақтау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 04.09.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

05.09.2025 – 09.09.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 25 МБ

Сұхбаттасу күні

12.09.2025

Сұхбаттасу орны

Батыс Қазақстан облысы әкiмiнің аппараты, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 179

Анықтама алу үшін байланыс

8-711-2-24-10-92