Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының медициналық көмекті ұйымдастыру жөніндегі орынбасары

Мемлекеттік орган

Батыс Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасы

Аймақ

Батыс Қазақстан облысы

Санат

D-O-2 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

441254

Жалпы біліктілік талаптары

   D-О-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-3, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Денсаулық сақтау

Функционалды міндеттер

Медициналық санитариялық алғашқы көмек көрсететін ұйымдардың қызметіне басшылық жасау, МСАК желісіне мониторинг жүргізу, медициналық ұйымдардан түсетін ақпаратты жинақтау, талдау; Халықтың денсаулығын, амбулаторлық-емханалық және стационарлық жағдайларда көрсетілетін медициналық көмектің сапасын зерттеу; меншік нысанына қарамастан аурулардың алдын алуға, оларды ерте сатысында анықтауға, науқастарға медициналық көмектің көрсетілуінің әр түрлі кезеңінде медициналық көмектің нәтижелілігі мен сапасын арттыруға бағытталған шаралардың ұйымдастырылуы мен жүзеге асырылуына басшылық ету; Ведомстволық ұйымдарда денсаулық сақтау саласында стандарттардың (диагностикалау мен емдеудің кезеңдік хаттамалары, медициналық-экономикалық хаттамалар және т.б.) енгізілуін бақылау; Стандарттардың енгізілуін орындау жөнінде толық және дұрыс ақпарат жинау және жоғары органдарға талдау ұсыну;   Әр түрлі аурулармен ауыратын науқастардың уақтылы есепке алынуын қамтамасыз ету және анықтау, емдеу және қадағалаудың нәтижелілігіне мониторинг жүргізу;  инсульт, жарақаттану, онкология, миокард инфаркті кезінде, Денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс мамандары мен аудан кураторларының нәтижелі жұмысына мониторинг жүргізу, өткізіліп жатырған скринингтік бағдарламалар және профилактикалық қарап-тексерулердің мониторингі; тұрғындарды инвалидизациялау бойынша МСАК жұмысын ай сайын бақылау, МӘСК-ке жолдаған кезде медициналық құжаттаманы дайындаудағы ақаулықтарды талдау мәселесін бақылау; тұрғындарға мамандандырылған және паллиативтік көмек көрсету жұмысын бақылау; шұғыл жағдайларда көмекті ұйымдастыру және бақылау; ЖМК бойынша жұмысқа мониторинг жүргізу; АББ енгізу; Облыс тұрғындарына жоғары мамандандырылған медициналық көмектің көрсетілуін жетілдіру. Емделуге жатқызу бюросының облыстық порталы бойынша емделуге жатқызудың ақаулықтарын төмендетуге мониторинг жүргізу; Оперативті жұмысты: аппараттық кеңестер, үйлестіру кеңестері, семинарлар, басқарманың емдеу-профилактикалық кеңестерін бақылау және өткізу; ҚР ДСМ, әкімдіктің, ведомстволық ұйымдардың хаттарымен жұмыс; БХТ, диспансерлік науқастар тізілімі, СИЯП бағдарламаларының нәтижелі жүргізілуіне мониторинг жасау. ҚАЖА, ЖКО және т.б. кездерде көмек көрсету алгоритмінің сақталуы бойынша аудандардың МСАК, шұғыл және жедел жәрдем ұйымдарына мониторинг жүргізу; Қаланың МСАК ұйымдарына, туберкулезге қарсы ауруханаларда туберкулез, психикалық ауытқулар, АИТВ/ЖИТС аурулары және алкогольдік және есірткілік тәуелділік жағдайында көмек көрсету алгоритмін сақтау бойынша мониторинг жүргізу; ведомствоаралық әрекеттесуді бақылау: әлеуметтік қорғау және тұрғындардың осал топтарына көмек көрсету, қоғамдық ұйымдармен: мүгедектер қоғамы, СИЯП, ЧАЭС, ВИ қоғамы.  Жалпы өлім-жітім, туберкулез, АИТВ/ЖИТС, алкогольдік және есірткілік тәуелділіктен және өзіне өзі қол жұмсаудан болған өлім-жітімге мониторинг жүргізу; Ведомстволық МҰ негізгі қызметін ұйымдастыру және үйлестіру.Облыстық және аудандық әскерге шақырту комиссиясының жұмысын бақылау. Тұрғындарға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын бағалау үшін аудандар мен қалалық МҰ-ларға шығуларды ұйымдастыру; Капустин Яр және Азғыр экологиялық аймақтарына жақын аумақ тұрғандарының денсаулық көрсеткіштеріне мониторинг және талдау жүргізу. ДСБ, ҚР ДСМ, Call-орталығына азаматтардан түскен арыздарды талдау;  Медициналық көмектің қамтамасыз етілу сапасын бақылау; басшылықтың қарауына медициналық көмек көрсету деңгейін жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізу; азаматтардың өтініштерімен жұмыстану; медициналық көмек сапасын жақсарту жөніндегі нормативтік құқықтық актілермен қамтамасыз етілуін бақылау, мемлекеттік құпиялар бойынша жұмыстану; қоғамдық денсаулық сақтау мәселелерін бақылау, салауатты өмір салтын жүзеге асырудың профилактикалық жолдарын насихаттау; әлеуметтік жобаларды қарау; жетекшілік ететін бөлімдердің жұмысын үйлестіру және бақылау. Талдай және логикалық ойлай білу, ұйымдастыру қабілеттері, тіл табыса білу және атқаратын жұмыстарына жауапкершілікте болу.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 19.08.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

20.08.2025 – 22.08.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 25 МБ

Сұхбаттасу күні

26.08.2025

Сұхбаттасу орны

Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 179,

Анықтама алу үшін байланыс

8-711-2-24-06-30