Батыс Қазақстан облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы әкімшілік жұмыс бөлімінің басшысы

Мемлекеттік орган

Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы

Аймақ

Батыс Қазақстан облысы

Санат

D-O-3 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

282693

Жалпы біліктілік талаптары

   D-О-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   жұмыс өтілі үш жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Басқарманың ұйымдастырушылық жұмыстарын қамтамасыз етеді. Әкімшілік жұмыс бөлімінің алдына қойылған міндеттер мен функциялардың орындалуын қамтамасыз ету бойынша оның жұмыстарын жоспарлайды, ұйымдастырады,  бақылайды және басшылық жасайды. Белгіленген тәртіппен қаржы-экономикалық және шаруашылық қызмет мәселелерін орындайды, бюджет қаражатының тиімді және мақсатты жұмсалуын қамтамасыз етеді. Басқарманың жұмысын қамтамасыз етуге арналған қаржылық жоспарды  орындау бойынша бухгалтерлік есепті жүргізудің белгіленген ережесінің негізінде бухгалтерлік есепті орындайды.  Бекітілген нормаларға сәйкес мүлiктiң болуын және қозғалысын, материалдық және қаржылық ресурстардың пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етеді. Есептерді, құжаттамаларды және өзге де қаржылық құжаттарды рәсімдейді. Штаттық, қаржылық және кассалық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді. Басқарманың мемлекеттік сатып алу рәсімдерін бақылайды. Айлық, тоқсандық, жылдық бухгалтерлік есептердің уақтылы және сапалы тапсырылуына жауап береді. Белгіленген нысандар бойынша  облыстық статистика басқармасына және салық органына есеп тапсырады. Мемлекеттiк мүлiкке түгендеу жүргізеді.  Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәсімдерін пайдалану қағидаларының сақталуын бақылайды.  Басқарманың елтаңбалық мөрінің сақталуын  және қолданыстағы стандартқа сәйкестігін қамтамасыз етеді.  Басқарманың жұмыс жоспарына бөлім жұмысы бойынша ұсыныстар енгізеді. Өз қызметіне қатысты ақпараттарды мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірынғай платформасында уақтылы орналастыруға ұсынады және жаңартылуын қадағалайды.  Өз қызметі барысында қалыптасқан құжаттарды істер номенклатурасына сәйкес қалыптастырады, Басқарма мұрағатына уақтылы тапсырады, Басқарма құжаттарын мемлекеттік мұрағатқа уақтылы тапсырылуын қадағалайды.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 24.06.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

25.06.2025 – 27.06.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 25 МБ

Сұхбаттасу күні

02.07.2025

Сұхбаттасу орны

Батыс Қазақстан облысы әкiмiнің аппараты, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 179

Анықтама алу үшін байланыс

8-711-2-24-10-92