Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасы басшының орынбасары
Батыс Қазақстан облысының әкімдігі
Батыс Қазақстан облысы
441254
Жалпы біліктілік талаптары
D-О-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-3, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Функционалды міндеттер
Облыс аумағында құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік саясатты құруға және жүргізуге қатысты Басқарманың қызметін үйлестіру; басқа инвестициялық үрдістің қатысушыларымен бірге нысандарды бекітілген мерзімдерде іске қосу туралы тапсырмалардың орындалуы бойынша жұмысты үйлестіру; құрылыс, сәулет және қала құрылысы қызметі саласындағы мемлекеттік, қоғамдық және жеке мүдделерді қорғау мәселелері бойынша республикалық және жергілікті атқарушы органдармен өзара байланысты қоса алғанда құрылысты, сәулет және қала құрылысы бойынша жұмысты үйлестіру; жетекшілік ететін нысандардың құрылыс барысына, құрылыс-жинақтау жұмыстарын жүргізуде техникалық қадағалауды ұйымдастыру жолымен мердігерлік ұйымдардың құрылыс нормалары мен ережелері талаптарының орындалуы бойынша жұмысты үйлестіру; заңнамалық негізде бекітілген тәртіпте құрылыс нысандарының пайдалануға қабылдау жөніндегі комиссияның жұмысына қатысу және ұйымдастырылуы бойынша жұмысты үйлестіру; пайдалануға берілген нысандарды коммуналдық меншікке тапсыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру бойынша жұмысты үйлестіру; инженерлік қызмет саласында азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша іс-шаралардың дайындалуы мен іске асырылуын жүзеге асыру бойынша жұмысты үйлестіру; жобалау-сметалық құжаттамаларының уақытылы жасақталуы бойынша жұмысты үйлестіру; тұрғын үй және инженерлік- коммуникациялық желілер құрылысына қатысты мониторингтің тиісті дәрежеде жүргізілуі бойынша жұмысты үйлестіру; жобалау-сметалық құжаттаманы жасақтау, авторлық және техникалық қадағалау, сәулет, қала құрылысы және құрылыс нысандары бойынша мемлекеттік сатып алу келісімшарттарының уақытылы жасалу бойынша жұмыстарын үйлестіру; басқармада тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы жоспардың орындалу бойынша жұмыстарын үйлестіру; басқармадағы шарттық және еңбек тәртібін нығайту бойынша іс-шаралардың жасақталу және жүзеге асыру бойынша жұмыстарын үйлестіру; Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын, әкімдіктің заңнамалық актілерін, мекеме басшысының бұйрықтары мен өкімдерін, басқа да нормативтік-құқықтық актілердің уақытылы және сапалы орындау бойынша жұмыстарын үйлестіру; штаттық, қаржылық және кассалық тәртіпті қатаң қадағалау бойынша жұмыстарын үйлестіру; шағымдану-талап арыз жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу, Басқарма қызметінде туындайтын құқықтық мәселелер бойынша қорытындылар дайындау бойынша жұмыстарын үйлестіру; басқарманы кадрлармен қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізу, іс қағаздарымен жұмыс жасау бойынша жұмыстарын үйлестіру. Өзі басшылық ететін бөлімдер бойынша құрылысқа қатысты орындалған жұмыстар бойынша акттерге қол қою. Азаматтардың қабылдауын жүргізеді.
Жоғары жұмыс қабілетінің, жоғары кәсіптік және ұйымдастырушылық қабілетінің болуы, адамдармен, олардың мүддесіне қарай жұмыс істей білуі, іскерлік байланыс орнатып, қалыптастыру, мекеменің, оның экономикалық тиімділігін арттыруға арналған жұмыстарды үйлестіру, бақылау және бағыт сілтеу, өз жұмысы туралы қабылданған шешімдер туралы ұжымды хабардар ету.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
a.kadr@bko.gov.kz
- 23.06.2025
- Батыс Қазақстан облысы әкiмiнің аппараты, 090000, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы 179
-
Телефон 8-711-2-24-10-95