Батыс Қазақстан облысы білім басқармасы басшысының орынбасары

Мемлекеттік орган

Батыс Қазақстан облысының Білім басқармасы

Аймақ

Батыс Қазақстан облысы

Санат

D-O-2 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

441254

Жалпы біліктілік талаптары

   D-О-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-3, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Педагогика және психология
  • Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы
  • Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау
  • Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау
  • Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау
  • Гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдер даярлау
  • Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау
  • Әлеуметік педагогика және өзін-өзі тану мамандарын даярлау
  • Дефектология

Функционалды міндеттер

Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаттарын, сонымен қатар білім беруді дамыту және аумақты дамыту мемлекеттік бағдарламаларынның орындалуын іске асырады; азаматтардың техникалық және кәсіптік білім алу құқықтарының мемлекеттік кепілдіктерін сақтау; техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік білім беру стандартын орындау, ведомствоға бағынысты білім беру ұйымдарының білім беру қызметінің тиімділігін, техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды дайындауға мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру; әрбір азаматтың интеллектуалдық дамуын, психофизиологиялық және жеке ерекшеліктерін есепке ала отырып, білім беру саласындағы кәсіптік білім берудің қолжетімділігі бөлігінде басымды міндеттерді іске асыру, халықты облыстың кәсіптік білім беру жүйесінің жағдайы мен даму перспективалары туралы ақпараттандыру; ҚР Оқу-ағарту министрлігіне есептерді беру, білім беруді дамыту бойынша нормативтік-құқықтық актілер мен негізгі мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру; колледждің студенттері мен мектеп оқушыларының арасында қылмысты, жазатайым оқиғаларды, тұрмыстық зорлық – зомбылық фактілерін алдын алу, оқушылардың төзімділік пен құқықтық мәдениетін қалыптастыру бойынша, кәмелетке толмағандардың жазғы демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру мәселелерін, азаматтықты, отансүйгіштікті, әлеуметтік-мәдени, рухани-адамгершілік, денсаулық сақтау компоненттерін қалыптастыру, оқушылардың тәрбие деңгейін жоғарылату, діни экстремизмнің алдын алу, қосымша білім беру ұйымдарының желісін кеңейту, балаларды үйірме, секциялық қызметпен қамту мониторингін жүзеге асырады; балалар үйлерінің, арнаулы білім беру, қосымша білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының мемлекеттік қызметті уақытылы және сапалы көрсету, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік көмекті ұсыну; кәсіптік және техникалық білім беру мәселелері мен кадрларды дайындау мәселелері бойынша әртүрлі атқарушы салалық басқару органдарымен, үкіметтік емес ұйымдармен және басқа да әлеуметтік әріптестермен өзара әрекеттесу бойынша жұмысты, колледждер мен мектеп оқушыларының аутодеструктивті мінез-құлығын алдын алу бойынша қызметін үйлестіреді; Республикасы заңнамасында көзделген тәртіппен оқушылардың ыстық тамағын және буфеттік тағамын, білім алушылардың жекелеген санаттарын қоса алғанда тегін тамақтануына мониторинг жүргізеді және ас мәзірін бекітеді; басқарманың техникалық және кәсіптік білім беру бөлімі мен тәрбие жұмысы, инклюзивті, арнаулы білім беру, және балалардың құқығын қорғау бөлімі жұмысын және оның функцияларын жүзеге асырылуын үйлестіреді және бақылайды; білім алушы жастардың білім алуы мен тәрбиесі саласында мемлекеттік саясат қағидаттарын қамтамасыз ету бойынша жетекшілік ететін ұйымдары басшыларының басқарушылық қызметіне, білім берудің мазмұнын жаңарту, инновациялық қызметті ұйымдастыру бойынша білім беру ұйымдарының қызметіне, нормативтік заң актілерін және мемлекеттік бағдарламаларын орындау бойынша Білім басқармасы бөлімдерінің басқарушылық қызметіне талдау жасайды; техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын конкурстық негізде орналастыруды ұйымдастырады; жеке мәселелері бойынша азаматтарды қабылдауды жүргізеді, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарайды функционалдық міндеттеріне жататын облыстық білім беру мекемелеріне жетекшілік жасайды және жұмыстарын ұйымдастырады; жетім балалар мен ата-аналарының қамқорынсыз және балалық шақты әлеуметтік қорғаусыз қалған балалардың құқықтарын іске асыру; оқушылар мен тәрбиеленушілерге әлеуметтік-педагогикалық қолдауды қамтамасыз ету бойынша денсаулық сақтау басқарманың органдарымен, әлеуметтік қорғау, мәдениет, ішкі істер, қорғаншылық мәселелері бойынша отбасы мен әйел істері жөніндегі бөлімдерімен, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау органдарымен өзара әрекеттесуін қамтамасыз етеді; жетім балалар мен ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарымен және балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау бойынша қамқоршылық пен қорғаншылық функцияларын жүзеге асыратын органдарымен өзара әрекет етуді қамтамасыз етеді; төтенше жағдайдың алдын алу бойынша жұмыстарды бақылайды және төтенше жағдай кезінде енгізілген іс-шараларды ұйымдастырады; жетекшілік ететін мәселелері бойынша Білім басқармасының алқаларын, облыстық семинарларын дайындау бойынша жұмысын жүргізеді, облыстың білім беру қызметкерлерінің жыл сайынғы тамыз конференциясын өткізуді ұйымдастырады; функционалдық міндеттерді атқаруға байланысты Басқарма басшысының өзге де тапсырмаларын орындайды; техникалық және кәсіптік білімді дамыту және кадрларды дайындау жөніндегі өңірлік кеңестің отырыстарын ұйымдастырады; мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бақылауды жүзеге асырады, мемлекеттік қызмет көрсертуге тиісті стандарттары мен регламенттерін сақтайды; еңбек тәртібін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және Қазақстан Республикасының басқа да қолданыстағы заңнамасын сақтайды; Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген өзге де міндеттерді жүзеге асырады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 28.01.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

29.01.2025 – 31.01.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 25 МБ

Сұхбаттасу күні

05.02.2025

Сұхбаттасу орны

Батыс Қазақстан облысы әкiмiнің аппараты, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 179

Анықтама алу үшін байланыс

8-711-2-24-10-92