Батыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы

Мемлекеттік орган

Батыс Қазақстан облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасы

Аймақ

Батыс Қазақстан облысы

Санат

D-О-1 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

688751

Жалпы біліктілік талаптары

D-О-1 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе Қазақстан Республикасының Консутитуциялық сотынан немесе облыстық және оған теңестірілген соттан төмен емес соттарда судья лауазымында бір жылдан кем емес;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі алты жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде екі жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Бастапқы әскери дайындық
  • Дене шынықтыру және спорт
  • Құқықтану
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Жобаны басқару

Функционалды міндеттер

Басқарманың қызметіне басшылық жасау. Басқарманың төмендегідей функцияларды орындау бойынша кешенді жұмыстарын ұйымдастыру және басшылық жасау: дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру; жеке тұлғалардың спортпен айналысуы үшін, оның ішінде халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына қолжетімді болуы ескеріле отырып, тұрғылықты жері бойынша және көпшілік демалатын орындарда инфрақұрылым жасау; бұқаралық спортпен айналысуға арналған спорттық жабдықтың қауіпсіз пайдаланылуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; республикалық және (немесе) жергілікті аккредиттелген спорт федерацияларымен бірлесе отырып, республикалық маңызы бар қалалық спорттық жарыстарды, оның ішінде ардагер спортшылар арасында өткізу; дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органмен аккредиттелген республикалық спорт федерацияларымен бірлесе өткізілетін республикалық және халықаралық спорттық жарыстарды, оның ішінде ардагер спортшылар арасында өткізуге қатысу; спорт түрлерi бойынша республикалық маңызы бар қалалық құрама командаларды даярлауды және олардың республикалық және халықаралық спорттық жарыстарда өнер көрсетуiн қамтамасыз ету; облыс аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерiн дамытуды қамтамасыз ету; облыс аумағында дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қызметiн үйлестiру; балалар-жасөспірімдердің дене шынықтыру даярлығы, оның ішінде бейімдік дене шынықтыру және спорт клубтарын құру; білім беру ұйымдарының спорт ғимараттарын сабақтан тыс және кешкі уақытта халық үшін спорт секцияларының жұмысын қамтамасыз ету және спорттық іс-шаралар өткізу мақсатында пайдалану жөнінде шаралар қабылдау; спортшыларға: «Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат», 1-разрядты спортшы спорттық разрядтарын беру, спортшыларды осындай спорттық разрядтардан айыру; мынадай: бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бірінші санатты әдіскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бірінші санатты әдіскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы, бiрiншi санатты спорт төрешiсi біліктілік санаттарын береді, біліктілік санаттарынан айыру; аккредиттелген өңірлік және жергілікті спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорттық-бұқаралық iс-шаралардың бірыңғай өңірлік күнтiзбесін бекiтедi және оның iске асырылуын қамтамасыз ету; облыс аумағында спорттық іс-шараларды ұйымдастыруды және өткiзудi үйлестiру; облыс аумағында дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысанда және мерзімдерде дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкiлеттi органға ұсыну; жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеуді жүзеге асыру; олимпиадалық резервтің республикалық маңызы бар қаланың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері мен спорттағы дарынды балаларға арналған республикалық маңызы бар қаланың мектеп-интернаттары үшін спорт түрлері бойынша білім берудің үлгілік оқу бағдарламаларын іске асыру; олимпиадалық резервтің республикалық маңызы бар қаланың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері мен спорттағы дарынды балаларға арналған республикалық маңызы бар қаланың мектеп-интернаттарының үлгілік оқу жоспарларын келісу; аккредиттелген өңірлік және жергілікті спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорт түрлері бойынша республикалық маңызы бар қаланың құрама командаларының тізімдерін қалыптастырады және бекіту; «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету; ресми дене шынықтыру және спорт іс-шараларын медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастыру; дене шынықтыру және спорт іс-шараларын өткізу кезінде қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету; дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарын пайдалануды үйлестіру; спорт мектептеріне, спорт мектебінің бөлімшелеріне «мамандандырылған» деген мәртебе беру; халықаралық және республикалық деңгейдегі жарыстарды өткізуге арналған спорттық ғимараттарды жобалау үшін техникалық өзіндік ерекшеліктер мен техникалық тапсырманы республикалық аккредиттелген спорт федерацияларымен келісу; спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамдарында қатысатын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшерін әзірлейді және бекітуге ұсыну; спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесін әзірлейді және дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органның келісуімен бекітуге ұсыну; дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерлерінің жұмысын ұйымдастыру; бюджет қаражаты көлемі шегінде балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларын қаржыландыруға мемлекеттік спорттық тапсырысты бекіту; мемлекеттік спорттық тапсырыстың көрсетілетін қызметтерін берушілердің меншік нысанына, олардың ведомстволық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан, балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларында мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастыруды қамтамасыз ету; электрондық және жалпыға қолжетімді форматтарда мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастырудың, оның сапасын бақылаудың және нысаналы игерілуінің барлық кезеңдері мен рәсімдерінің орындалуын қамтамасыз ету; дене шынықтырумен және спортпен айналысатын адамдардың, сондай-ақ дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық iс-шаралардың қатысушылары мен көрермендерiнiң өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және спорттық-бұқаралық iс-шараларды өткiзу орындарында қоғамдық тәртiптi сақтау; олимпиадалық емес, олимпиадалық, паралимпиадалық, паралимпиадалық емес, сурдлимпиадалық және ұлттық спорт түрлерiн дамыту; дене шынықтыру мен спортты қолдау және ынталандыру; әлеуметтiк және бiлiм беру функцияларын, сондай-ақ ерiктi қызмет қағидатына негiзделген олардың құрылымының ерекшелiгiн ескере отырып, спорттың барлық түрлерiн дамытуға жәрдемдесу; жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 25.12.2024

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

26.12.2024 – 30.12.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 25 МБ

Сұхбаттасу күні

06.01.2025

Сұхбаттасу орны

Батыс Қазақстан облысы әкiмiнің аппараты, 090000, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 179

Анықтама алу үшін байланыс

8-711-2-24-06-30