Батыс Қазақстан облысы дін істері басқармасының діни бірлестіктермен жұмыс бөлімінің басшысы

Мемлекеттік орган

Батыс Қазақстан облысының Дін істері басқармасы

Аймақ

Батыс Қазақстан облысы

Санат

D-О-3 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

327923

Жалпы біліктілік талаптары

D-О-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Халықаралық қатынастар
  • Мәдениеттану
  • Дінтану
  • Шығыстану
  • Теология
  • Түркітану
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Әлеуметтану
  • Саясаттану
  • Аймақтану
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Тарих (Гуманитарлық ғылымдар)
  • Исламтану

Функционалды міндеттер

  1. Бөлімге жалпы басшылық жасайды, бөлім қызметкерлеріне тапсырма береді және орындалуын бақылайды; 2.Бөлімнің жұмыс жоспарын дайындайды және орындалуын қадағалайды;
  2. Батыс Қазақстан облысы тұрғындары, соның ішінде діндар азаматтар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, Қазақстан халқының дәстүрлі мәдени құндылықтарына сай келетін сананы қалыптастыру, дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру бағытында жүзеге асырылатын мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың техникалық ерекшеліктерін жасақтайды, жобаның барысын қадағалайды; 4.Бөлімге қарасты мемлекеттік қызмет көрсету соның ішінде шетел азаматы болып табылатын шетелдік миссионерлерді тіркеудің мерзімдерінің сақталуына, жүзеге асырылуына бақылау жасайды. «Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» және «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы шешім беру» мемлекеттік қызметтерді көрсетеді; 5. Батыс Қазақстан облысы аумағындағы діни бірлестіктердің, рухани (діни) білім беру ұйымдарының қызметін қадағалайды, деректер базасын толықтырып, жаңартып отыруды бақылауға алады; 6. Облыстық діни бірлестіктер басшылары Клубының жұмысын ұйымдастыруды қадағалайды; 7. Басқарма жанындағы Деструктивті және радикалды идеологияның жақтастарын оңалту фактілеріне бағалау жүргізу комиссиясы жұмысының барысын қадағалайды; 8.Дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру бойынша мемлекеттік қызметшілер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, діни бірлестік өкілдері арасында және білім ордаларында, ақпараттық-түсіндіру және кеңес беру жұмыстарын жүргізеді; 9.Өңір бойынша деструктивті діни ағым ұстанушыларымен жүргізілетін оңалту жұмыстарының жүзеге асырылу барысын қадағалайды; 10.Мемлекеттік-конфессиялық және конфессияаралық диалогты нығайтуға, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған іс-шараларға жергілікті діни бірлестік өкілдерін тартуды қамтамасыз етеді; 11.«Ашық деректер» интернет-порталына дін саласы бойынша ақпараттық деректерді орналастыруын қадағалайды; 12.Қылмыстық атқару жүйесі мекемелерінде отырған сотталған азаматтардың арасында радикалдық идеологияға деген иммунитетті қалыптастыруға және радикалданудан бас тартуға бағытталған алдын алу және оңалту жұмыстарының іске асуын қадағалайды; 13. Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне тиесілі жазасын өтеу орындарының кітапхана қорларындағы діни мазмұндағы материалдарды тексеріп, кітапхана қорын тақырыптық әдебиеттермен толықтыру бойынша ұсыныстар енгізеді; 14.Шетелдік теологиялық оқу орындарында оқитын және оқуға ниетті тұлғалармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу; 15.Уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының дiни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын жетiлдiру жөнінде ұсыныстар енгiзеді; 16.Дiни бiрлестiктердiң, өзге де заңды және жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңнамасын бұзуға қатысты өтініштерін қарайды; 17.Басқарма құзырына қатысты мәселелер жөнінде кеңес беру және түсіндіру жұмыстар жүргізеді; 18.Бөлім құзыреті шеңберінде Қазақстан Республикасы Президенті, Қазақстан Республикасы Үкіметі актілерінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінен, облыс әкімі аппаратынан және басқа да уәкілетті мемлекеттік органдардан келіп түскен құжаттарға уақытылы жауап беруді қадағалайды; 19.Басқарма басшысының бұйрығымен бекітілген қызметтік нұсқаулықпен айқындалған басқа да міндеттер мен өкілеттіктерінің орындалуын жүзеге асырады және құқықтарын пайдаланады; 20. Сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұру және алдын алу; 21. Гендерлік саясат мәселелері жөніндегі жұмыстарды жүргізу; 22. Қазақстан Республикасының заңнамаларында қарастырылған басқа да қызметтерді жүзеге асырады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 05.12.2024

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

06.12.2024 – 10.12.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 25 Мб

Сұхбаттасу күні

13.12.2024

Сұхбаттасу орны

Батыс Қазақстан облысы әкiмiнің аппараты, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 179

Анықтама алу үшін байланыс

8-711-2-24-10-50