Батыс Қазақстан облысы цифрлық технологиялар басқармасының басшысы

Мемлекеттік орган

Батыс Қазақстан облысының цифрлық технологиялар басқармасы

Аймақ

Батыс Қазақстан облысы

Санат

D-О-1 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

688751

Жалпы біліктілік талаптары

D-О-1 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе Қазақстан Республикасының Консутитуциялық сотынан немесе облыстық және оған теңестірілген соттан төмен емес соттарда судья лауазымында бір жылдан кем емес;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі алты жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде екі жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
  • Телекоммуникациялар
  • Ақпараттық қауіпсіздік
  • Физика
  • Информатика
  • Құқықтану
  • Экономика
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Автоматтандыру және басқару
  • Жобаны басқару
  • Жаратылыстану ғылымдары: математика
  • Математика-Информатика
  • Физика және информатика

Функционалды міндеттер

Басқарманың қызметіне басшылық жасау. Басқарманың төмендегідей функциялардың орындалуы бойынша кешенді жұмыстарын ұйымдастыру және басшылық жасау: Басқармада ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың, «электрондық үкімет» архитектурасын дамыту жөніндегі талаптардың, деректерді басқару жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз ету; ақпараттық жүйелерді құру және дамыту кезінде стандартты шешімдерді пайдалануды жүзеге асыру; «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін құрады және дамыту; облыстың жергілікті атқарушы органдарының электрондық ақпараттық ресурстарының толықтырылуына, анықтығына және өзектілігіне мониторингті жүзеге асыру; «электрондық үкіметтің» архитектуралық порталында ақпараттық жүйелерді тіркеуді, ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді есепке алуды, ақпараттандыру объектілерінің техникалық құжаттамасының электрондық көшірмелерін орналастыруды, сондай-ақ ақпараттандыру объектілері туралы ақпаратты өзектендіруді қамтамасыз ету; мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде) және лицензиялық бағдарламалық қамтылымының баптау кешенін есепке алу және сақтау үшін «электрондық үкіметтің» сервистік интеграторына беруді қамтамасыз ету; техникалық құжаттаманың қағаз жеткізгіштердегі түпнұсқаларын сақтауды және оның сұрауы бойынша оларды «электрондық үкiметтiң» сервистік интеграторына ұсынуды қамтамасыз ету; салалық мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру үшін жағдай жасау; облыстың жергілікті атқарушы органдарының интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында интернет-ресурстарды орналастырады, сондай-ақ өз контентінің анықтығын және өзектілігін қамтамасыз ету; ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтердің каталогына сәйкес оператордан ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді сатып алу; қызметін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте жүзеге асыратын, уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерімен және Қазақстан Республикасы әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер уәкілетті мемлекеттік органдарының аумақтық бөлімшелерімен бірге, үкіметтік және президенттік байланыс бөлімшелерінің желілерін қоспағанда, байланыс құрылысжайларының, байланыс жолдары мен басқа да инженерлік инфрақұрылым объектілері құрылысының жоспарларын айқындайды және әзірлеу; байланыс операторларына Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен тиісті шығыстарды өтей отырып, абоненттерге тегін қосуды ұсыну үшін байланыс операторларымен бірлесіп, әлеуметтік мәні бар объектілердің тізбесін айқындау; ұялы немесе спутниктік байланыс операторының өтініші бойынша, уәкілетті органмен келісу арқылы ұялы немесе спутниктік байланыс операторларының ұялы немесе спутниктік байланыс жабдығына арналған антенна-діңгекті құрылыстарды және (немесе) тіреуіштерді салуы үшін электрмен жабдықтау жүргізілген орын ұсыну; өңіраралық байланыс инспекциясымен бірлесе отырып Батыс Қазақстан облысының елді мекендерінің интернетпен қамтамасыз етілуі және сапасы бойынша жұмыстарды талдауды жүргізу; өңіраралық байланыс инспекциясымен бірлесе отырып Батыс Қазақстан облысының елді мекендерінің ұялы байланыспен қамтамасыз етілуі және сапасы бойынша жұмыстарды талдауды жүргізу; байланыс операторларымен бірлесе отырып облыстың ауылдық елді мекендерін ұялы байланыспен және интернетпен қамтамасыз ету бойынша ұсыныстарды әзірлеу және енгізу бойынша жұмысты жүргізу; «бір терезе» қағидаты бойынша жеке және заңды тұлғаларға қызметтер ұсыну бойынша қалалық орталықтардың қызметін ұйымдастыру; өз құзыры шегінде ақпараттық технологияларды қолдану тиімділігін бағалауды арттыру бойынша ұсыныстар әзірлейді және шаралар қабылдау; халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету және қауіпсіздік мәселелері бойынша тұрғындардың мемлекеттік органдармен, коммуналдық кәсіпорындар және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауын ұйымдастыру жөніндегі қызметтер ұсынуды ұйымдастыру; цифрландыру жобаларын іске асыру; цифрландыру саласында мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жүзеге асыру; облыстың атқарушы органдарының және олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының ақпараттандыру жұмыстарын орталықтандырылған түрде жүргізу; облыстың жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерімен, азаматтар және мүдделі ұйымдармен ақпараттандыру мәселесі бойынша өзара іс-қимылын үйлестіреді, консультациялық және әдістемелік көмек көрсету; тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыруды, оған қолжетімділікті қамтамасыз ету; мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің қолжетімділігін қамтамасыз ету; көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда хабардар болуын қамтамасыз ету; көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өтініштерін қарау; көрсетілетін қызметті алушылардың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге бағытталған шараларды қолдану; мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялау қағидаларына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету реинжинирингін жүзеге асыру; ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру жөнінде шаралар қолдану; мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалауды жүргізу үшін ақпараттың, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері бойынша ақпараттың ұсынылуын қамтамасыз ету; ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын бағалауды жүргізу үшін ақпараттың ұсынылуын қамтамасыз ету; мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылауды жүргізу; көрсетілетін қызметті берушілердің мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді сақтауын қамтамасыз ету; жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізіліміне, атап айтқанда мемлекеттік (жергілікті) атқарушы органның құзырына кіретін мемлекеттік қызметтер бойынша өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлеу; облыстың мемлекеттік органдарының, мемлекеттік қызмет көрсетуші субъектілер мамандарының мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы стандарттарын енгізу және үздіксіз жетілдіру, соның ішінде мүгедектігі бар адамдармен қарым қатынас орнату негіздері бойынша біліктілігін арттыруды ұйымдастыру мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу және енгізу; облыстың мемлекеттік органдарына, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету субъектілеріне Басқарма құзырына кіретін мәселелер бойынша әдістемелік және практикалық көмек көрсету; мемлекеттік (жергілікті) атқарушы органның құзыретіне кіретін мемлекеттік қызметтердің сапасын ішкі бақылау жүргізу және оны жақсарту туралы ұсыныстар дайындау; мемлекеттік қызметтерді тиімді және сапалы ұсынуға кедергі келтіретін проблемалық мәселелерді жою, заңнама, заңға тәуелді актілердің және жүргізілген тексерулер мен талдаулардың қорытындылары және облыстың мемлекеттік органдарының, мемлекеттік қызмет көрсету субъектілерінің ұсыныстары бойынша бақылау тапсырмаларының орындалуын бақылау жүйесін нақты ұйымдастыру мақсатыңда қажетті шаралар алу туралы ұсыныстар дайындау; мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бағалау жүргізу үшін мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және мемлекеттік қызметтің көрсетілу сапасына бақылау жүргізу жөніндегі уәкілетті органға, ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға тиісті ақпарат беру; мемлекеттік қызметтер стандарттарының қолжетімділігін қамтамасыз ету; заңнамада белгіленген тәртіппен қоғамдық мониторинг жүргізетін үкіметтік емес құрылымдарға тиісті ақпарат беру; мемлекеттік қызметті тұтынушылардың шағымдары мен өтініштерін қарау; «Ақылды қала» тұжырымдамасын іске асыру; жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен облыстың жергілікті атқарушы органдарына жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 14.10.2024

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

15.10.2024 – 17.10.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 25 МБ

Сұхбаттасу күні

22.10.2024

Сұхбаттасу орны

Батыс Қазақстан облысы әкiмiнің аппараты, 090000, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 179

Анықтама алу үшін байланыс

8-711-2-24-06-30