Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты ішкі аудит қызметінің бас инспекторы

Мемлекеттік орган

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі

Аймақ

Батыс Қазақстан облысы

Санат

D-3 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

282693

Жалпы біліктілік талаптары

D-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқық және экономика негіздері
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Құқық қорғау қызметі
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Әлемдік экономика
  • Бағалау
  • Қаржы
  • Мемлекеттік аудит
  • Қаржы және кредит
  • Өңірлік даму

Қосымша талаптар

Мемлекеттік аудитор біліктілігін куәландыратын сертификаты

Функционалды міндеттер

Қаржылық есептілікке аудит жүргізуге қатысады; Жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын және тиісті облыстың әкімшілік бағыныстылығының аумағындағы атқарушы органдарда, олардың бөлімшелерінде, ведомстволық бағынысты ұйымдарында олардың қызметінің барлық бағыттары бойынша тиімділік және сәйкестік аудитін жүргізеді; Бюджет шығыстарымен өзара байланыста мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының және аумақтарды дамыту бағдарламаларының мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуін талдайды; Республикалық және коммуналдық активтер мен мүліктің сақталуына тексеру жүргізеді; Тиісті мемлекеттік органдағы тауар-материалдық запастардың және өзге де активтердің сақталуын тексеруді жүзеге асырады; Мемлекеттік сатып алуды жүргізу және шарттар талаптарының орындалу рәсіміне, соның ішінде сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің мерзімі, көлемі, бағасы, саны және сапасы бойынша сәйкестік аудитін жүргізеді; Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша жоспардан тыс мемлекеттік аудит жүргізеді; Қазақстан Республикасының  заңнамасына сәйкес республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттердің қаражатын пайдалану кезінде бұзушылықтардың жолын кесу, оларға жол бермеу жөніндегі, анықталған кемшіліктерді жою, мемлекеттік органның қызметін ұйымдастырудың ішкі процестерінің тиімділігін арттыру жөніндегі ұсынымдармен бірге ішкі мемлекеттік аудит нәтижелері туралы есепті дайындап, облыс әкіміне енгізеді; Жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын және тиісті облыстың әкімшілік бағыныстылығының аумағындағы атқарушы органдардың, олардың бөлімшелерінің, ведомстволық бағынысты ұйымдарының жылдық жұмыс жоспарларының орындалу мониторингін жүзеге асырады.  Жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын және тиісті облыстың әкімшілік бағыныстылығының аумағындағы атқарушы органдарда, олардың бөлімшелерінде, ведомстволық бағынысты ұйымдарында ақпараттық жүйелердің деректерін талдауды жүзеге асырады; Қажеттілікке қарай тәуекелдерді басқару жүйесі тәуекел критерийлерінің тиімділігіне (өзектілігіне) мониторинг жүргізеді; Мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды қатаң түрде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына сәйкес жүргізеді; Ішкі аудит қызметінің жылдық және тоқсандық жұмыс жоспарларын, ішкі аудит қызметінің оқыту бойынша жоспарларының орындалуын қамтамасыз етеді; Мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесін қалыптастыруға қатысады; Мемлекеттік аудит нәтижелерін мемлекеттік аудит барысында алынған және жиналған ақпарат пен нақты деректерге ғана негіздейді; Қазақстан Республикасының заңнамасын, мемлекеттік аудит объектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін сақтайды; Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау материалдарын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде бірыңғай деректер қорына орналастыруды қамтамасыз етеді; Мемлекеттік аудит және тәуекелдер жөніндегі кеңестін отырысын ұйымдастырып, шығарылған ұсыныстардын іске асырылуын қамтамасыз етеді.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 07.10.2024

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

08.10.2024 – 10.10.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 25 МБ

Сұхбаттасу күні

15.10.2024

Сұхбаттасу орны

Батыс Қазақстан облысы әкiмiнің аппараты, 090000, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы 179

Анықтама алу үшін байланыс

Телефон 8-711-2-24-10-95