Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты жалпы бөлімінің бас маманы

Мемлекеттік орган

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі

Аймақ

Батыс Қазақстан облысы

Санат

D-4 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

243700

Жалпы біліктілік талаптары

D-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Педагогика және психология
  • Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау
  • Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау
  • Гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдер даярлау
  • Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау
  • Әлеуметік педагогика және өзін-өзі тану мамандарын даярлау
  • Тілдер және әдебиет
  • Информатика
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Әлемдік экономика
  • Мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері
  • Қаржы
  • Іскерлік әкімшілікжүргізу
  • Мемлекеттік басқару
  • Өңірлік даму

Функционалды міндеттер

Шығыс және ішкі хат-хабарларды, сондай-ақ қарарларды уақтылы тіркеу, мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарға, соның ішінде электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесіне қосылмаған ұйымдарға құжаттау және құжаттаманы басқару қағидаларының өлшемшарттарына сәйкес жөнелту мен жеткізуді ұйымдастыру.  Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы №236 бұйрығымен бекітілген құжаттау және құжаттаманы басқару қағидаларында көрсетілген өлшемшарттардың және басқа да ережелер мен нұсқаулықтардың сақталуын бақылау.  Құжаттарды қабылдауды және бастапқы өңдеуді, кіріс хат-хабарларды тіркеуді, бақылауға қоюды және бақылаудан алуды жүзеге асыра білу.  Бөлім басшысының келісімі бойынша іс-шаралар жоспарларын әзірлеу және құжаттармен жұмысты жетілдіру бойынша әдістемелік материалдарды дайындау, өз қызметінің мәселелері бойынша Қағидаларға, ережелерге, нұсқаулықтарға ұсыныстар беру.  Облыс басшылығының және облыс әкімі аппаратының берілген елтаңбалық бланкілерін бақылау және есепке алуды жүргізу, ескірген және бүлінген бланкілердің сақталуын қамтамасыз ету, жоюға дайындау, есептілік жасау және мөрлердің, мөртабандардың қолданылуы мен сақталуын бақылау. Сараптау комиссиясының жұмысын жүргізу, облыс әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелеріне құжаттарды сақтауға іріктеуді ұйымдастыру немесе құжаттарды уақытша сақтау мерзімін жоюға бөлу үшін құжаттардың құндылығына сараптама жүргізуде әдістемелік көмек көрсету.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 25.09.2024

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

26.09.2024 – 30.09.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 25 МБ

Сұхбаттасу күні

03.10.2024

Сұхбаттасу орны

Батыс Қазақстан облысы әкiмiнің аппараты, 090000, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 179

Анықтама алу үшін байланыс

8-711-2-24-06-30