Орал қаласы әкімінің орынбасары (Уақытша, негізгі қызметкердің оқұ демалысы кезеңіне 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін)
Орал қаласының әкімдігі
Батыс Қазақстан облысы
593751
Жалпы біліктілік талаптары
Е-1 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3, C-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Педагогика және психология
- Бастапқы әскери дайындық
- Дене шынықтыру және спорт
- Тарих
- География
- Қазақ тілі мен әдебиеті
- Орыс тілі мен әдебиеті
- Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
- Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті
- Мәдениеттану
- Дінтану
- Археология және этнология
- Шығыстану
- Құқықтану
- Әлеуметтану
- Аймақтану
- Экономика
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Қоғамдық байланыс
- Ақпараттық жүйелер
- Туризм
- Әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету
- Мәдени-тынығу жұмысы
- Тарих (Гуманитарлық ғылымдар)
Функционалды міндеттер
Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау, атаулы әлеуметтік көмек көрсету мәселелері. Әлеуметтік әріптестік мәселелері. Кедейшiлiкпен және жұмыссыздықпен күрес мәселелері. Еңбек ресурстарын пайдалану және оларды қоғамдық жұмыстарға тарту мәселелерi. Мәдениет және тілдерді дамыту мәселелері. Тіл саясаты мәселелері. Дене шынықтыру және спорт мәселелері. Ішкі саясат, ұлтаралық қатынастар, мемлекеттiк жастар саясаты мәселелері.Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау мәселелері. Діни конфессиялар, діни бірлестіктер, діни қызмет өкілдерімен өзара іс-қимыл жасау мәселелері. Қоғамдық және аймақтық бірлестіктермен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, саяси партиялармен және шығармашылық одақтармен өзара байланысты жүзеге асыру.Нашақорлықтың алдын алу және онымен күрес мәселелері. Қазақстан Республикасының азаматтарын Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарына шақыруды қамтамасыз ету мәселелері. Жетекшілік ететін салаларда (аяларда) цифрлық технологияларды қолдану және енгізу мәселелері (жалпы үйлестіру). Жетекшілік ететін салалары бойынша мемлекеттік және салалық бағдарламалардың, қаланың аумақтарын дамыту бағдарламаларын іске асыруға бақылауды жүзеге асырады. Өз өкілеттігі шеңберінде жеке және заңды тұлғалардың арыз-өтініштерін, шағымдары мен өзге де жүгінулерін қарайды. Жергілікті атқарушы органның құзырына кіретін мәселелер бойынша тиісті мекемелермен және ұйымдармен өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімдерінің қызметіне жетекшілік етеді. Орал қаласының кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі, Орал қаласының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін белгілеу жөніндегі қалалық комиссия, мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы қалалық үйлестіру кеңесі, Орал қаласы әкімдігі жанындағы қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтiк және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультативтік-кеңесші, Орал қаласы әкімдігі жанындағы әлеуметтік серіктестік пен әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі қалалық үш жақты комиссия, 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алғанда кемінде 6 ай жұмыс істеген адамдардың жұмыс өтілін анықтау жөніндегі арнайы комиссиясы, Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу және оларға куәлік беру жөніндегі қалалық комиссия, ономастикалық нысаналардың тарихи және дәстүрлі атауларын қалпына келтіру бойынша ұсыныстарды зерттеу және қарау жұмыс тобының жұмыстарын басқарады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
a.kadr@bko.gov.kz
- 13.09.2024
- Батыс Қазақстан облысы әкiмiнің аппараты, 090000, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы 179
-
Телефон 8-711-2-24-10-95