Батыс Қазақстан облысының қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары
Батыс Қазақстан облысының қоғамдық даму басқармасы
Батыс Қазақстан облысы
441254
Жалпы біліктілік талаптары
D-О-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Тарих
- Құқық және экономика негіздері
- Қазақ тілі мен әдебиеті
- Орыс тілі мен әдебиеті
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Филология
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Әлеуметтану
- Саясаттану
- Психология
- Журналистика
- Аймақтану
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Қоғамдық байланыс
- Тарих (Гуманитарлық ғылымдар)
Функционалды міндеттер
Қоғамның демократиялық институттарын нығайтуға, «Қазақстан-2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағдары» Стратегиясының негізгі басым бағыттарын түсіндіруге және насихаттауға қатысу, қоғамдық даму, қоғамдық-саяси сала мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын, мемлекеттік ішкі саясатты насихаттау және түсіндіру жөніндегі бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру барысындағы жұмыстарды үйлестіріп отыру; Қазақстан дамуының ұзақ мерзімді басымдықтарын тиімді іске асыру бойынша ұсыныстар және облыста қоғамдық даму және ішкі саясат саласындағы жұмыстарды ұйымдастыру бойынша практикалық ұсынымдар әзірлеу; жастарды және үкіметтік емес ұйымдарды қолдау бойынша мемлекеттік бағдарламаның орындалуын қамтамасыз ету; қоғамдық даму мен ішкі саясатты жүргізудің басым бағыттары, практикалық жұмыстар туралы әдістемелік материалдар шығаруды қамтамасыз ету; этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісім, мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту саласындағы шараларды ұйымдастыруға және іске асыруға қатысу; этносаралық қатынастар саласындағы келіспеушіліктер мен дауларды реттеу, даулы жағдайларға жол бермеу жөнінде ұсынымдарды әзірлеп, практикалық шараларды жүзеге асыру; Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесі мен Сессиясының кезекті отырысына материалдар дайындауды ұйымдастыру және отырыста әзірленген ұсынымдарды жүзеге асыру, сондай-ақ жетекшілік ететін мәселелер бойынша облыс әкімінің өкімдері мен шешімдерінің және облыс әкімдігі қаулыларының орындалуын қамтамасыз ету; Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының негізгі қызметі бойынша құжаттардың орындалуын бақылауды және жоғары тұрған органдарға уақтылы әрі сапалы жолдануын жүзеге асыру; ірі қоғамдық-саяси, мәдени-спорттық шаралардың жоспарлы түрде өткізу жұмыстарын қамтамасыз етуді бақылау; Басқарма құзырына қатысты мәселелер жөнінде кеңес беру-түсіндірмелік жұмыстар жүргізу; азаматтық қоғам институттарымен, тұрғындар өкілдерімен, саяси партиялармен, үкіметтік емес ұйымдармен, жастар қоғамдық бірлестіктерімен, этномәдени бірлестіктермен, құқық қорғау және басқа да қоғамдық ұйымдармен, кәсіптік одақтармен, ғылыми және шығармашылық қауымдастықпен өзара іс-әрекетті жүзеге асыру; ішкі саясат саласындағы мемлекеттік саясатты, Қазақстан Республикасында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын және қамтамасыз етілуін айқындайтын тұжырымдамалар, бағдарламалар әзірлеуге және іске асыруға қатысу; аймақта ішкі саяси тұрақтылықты нығайтуға және саяси процестерді демократияландыруға бағытталған республикалық және аймақтық ғылыми практикалық шараларды әзірлеуге және өткізуге қатысу; Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, облыс әкімінің Басқарма құзыретіне қатысты актілері мен тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз етуді бақылау; қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру және өткізуді жүзеге асыру; Басқармаға келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау; өз міндеттегі жұмысты болжау және жоспарлау, қарауындағы қызметшілердің жұмысын ұйымдастыру және бақылау; Қазақстан Республикасының заңнамасында және Басқарма туралы ережеде қарастырылған өзге де міндеттер мен талаптарды жүзеге асырады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
a.kadr@bko.gov.kz
- 06.08.2024
- Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы 179
-
87112/24-20-56