Батыс Қазақстан облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің бас маманы
Батыс Қазақстан облысының әкімдігі
Батыс Қазақстан облысы
282692
Жалпы біліктілік талаптары
D-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Функционалды міндеттер
Мәдениет, тілдерді дамыту, архив ісі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру. «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы», «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» Заңдарының
орындалуын қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2023-2029 жылдарға арналған іс-қимыл жоспарын орындау жөніндегі Батыс Қазақстан облысында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын орындау. Басшы лауазымды тұлғалардың тапсырмалары мен қызметтік құжаттар бойынша тапсырмаларды уақытылы және сапалы орындау. Облыс әкімінің шешімі, өкімі және актілері бойынша талдау жасау және ақпарат дайындау. Жоғарғы органдарға есептерді, ақпараттарды, анықтамаларды, азаматтардың, мекеме, ұйым, қоғамдық ұйымдардың өтініштерінің жауаптарын уақытында сапалы орындау және ұсыну. Бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау. Өз құзыреті мен өкілеттігі шегінде мемлекеттік органдарға, өзге де ұйымдарға «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңының талаптарына сәйкес деректемелер мен көрнекі ақпараттар ресімдеуде әдістемелік көмек көрсету. Батыс Қазақстан облысы аумағындағы орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінің және аудандық атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының сақтауын бақылау, тексерулер тағайындау туралы актілерді дайындау. Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасында белгіленген талаптардың бұзылуын жою туралы ұсынымдар беру Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген негізде және тәртіппен әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану. Мемлекеттік тілді оқыту курстары бойынша түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу және оларға толыққанды, сапалы жауаптар жолдау. Мемлекеттік тілді оқыту курстарының қызметін үйлестіру, оқыту мәселелері бойынша анықтамалық материалдар әзірлеу. Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру жұмыстарын үйлестіру. Мемлекеттік терминологиялық комиссияның шешімімен бекітілген терминдерді облыс тұрғындарына таратуды қамтамасыз ету, басқарма жанындағы салалық терминологиялық секция жұмысын ұйымдастыру, қорытынды құжаттарын дайындау. Мемлекеттік тілде берілетін теле-радиобағдарламаларының көлемі уақыты жағынан басқа тілдердегі хабарлардың жиынтық көлемінен кем болмауын қадағалау. Басқарманың мемлекеттік тапсырысы бойынша жергілікті телеарналар мен басылымдарда берілетін телехабарлардың, материалдардың мазмұнын және сапасын бақылау. Облыстағы тілдік жағдайға мониторинг және сараптама жүргізу, мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға қатысты Батыс Қазақстан облысы әкімдігі интернет-ресурсындағы (веб-сайт) әкімнің блогына, басқарманың ресми сайтындағы басшының дербес блогына түскен өтініштерге жауап жобасын дайындау. Облыс бойынша мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарындағытілдік жағдайға мониторинг жүргізу. Қазақ тіліндегі мектептерде білім алушылардың санын арттыру бойынша жұмыстану. «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының жұмысын үйлестіру. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» заңына сәйкес мемлекеттік наградалармен тіл саласы бойынша марапаттауға ұсыныс беру. Азаматтарды тіл қағидаты бойынша кемсітушілікке жол бермеу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелерін бағалауды ұйымдастыру. Сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұру және мүдделер қақтығысын болғызбау үшін шаралар қолдану. Ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтау. Бөлімге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың хаттары мен арыздарының уақытында қаралуын қамтамасыз ету. Бөлімде жинақталған құжаттарды істер номенклатурасына сәйкес жыл соңында ведомстволық архивке тапсыру. Мекеменің Ережесіне және заңнама талаптарына сүйеніп бөлім басшысы және мамандарының міндетін атқарып, ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу. Белгіленген тәртіппен бөлімнің құзырынан аспайтын тікелей басшысының тапсырмаларын орындайды.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
a.kadr@bko.gov.kz
- 16.07.2024
- Батыс Қазақстан облысы әкiмiнің аппараты
-
8-711-2-24-12-10