Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының стратегиялық жоспарлау, материалдық-техникалық базаны және күрделі жөндеуді қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы
Батыс Қазақстан облысының Білім басқармасы
Батыс Қазақстан облысы
282693
Жалпы біліктілік талаптары
D-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Функционалды міндеттер
Басқарманың алдына қойылған міндеттер мен функциялардың орындалуын қамтамасыз ету бойынша басқарма жұмыстарын жоспарлау және ұйымдастыру. Басқарманың төмендегідей функциялардың орындалуы бойынша кешенді жұмыстарын ұйымдастыру: білім беру нысандарын сенімгерлік басқаруға беру бойынша құжаттар дайындау, беру бойынша шаралар жүргізу, мониторинг жасау, есептерін жүргізу; білім беру саласы бойынша мемлекеттік және аймақтық бағдарламалармен жұмыс жүргізу, жоспарлау, бағдарламалардың орындалуы бойынша мониторинг жүргізу; бірыңғай Жобалық басқару платформасына, «Битрикс» жүйесіне өз құзыретіндегі мәліметтердің күнделікті енгізілуін қамтамасыз етеді; басқарманың интернет-ресурсына, әлеуметтік желілерін орналастырылатын ақпараттың толықтығы мен өзектілігіне тікелей жауапты және өз саласы бойынша ақпараттарды басқарманың сайтына белгіленген уақытында орналастыруға ұсынады; облыс аумағын дамыту бағдарламасын дайындау, ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен БҚО әкімдігі арасындағы Меморандумды дайындау, түзету және мониторингілеу; қосымша қажеттілікке бюджеттік өтінімдерді дайындап, ұсыну; облыс әкімінің жинағына білім саласы бойынша мәліметтер ұсыну; аймақты дамыту жоспарының «Білім беру» бағыты бойынша материалдық-техникалық бағыты бойынша индикаторлар мен көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз етеді. тамыз кеңесіне материалдар дайындайды. Бөлімнің жұмысын жақсарту мәселесі бойынша ұсыныс береді; Қазақстан Республикасының қолданыстағы материалдық – техникалық базасы, қауіпсіздігін қамтамасыз ету, күрделі жөндеу жұмыстары мен жобалық басқару бойынша нормативтік құқықтік актілеріне, заңнамалық құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар жөнінде білім беру ұйымдарын уақытылы таныстырады, жеткізеді; аудандық (қалалық) білім бөлімдерімен, ведомствоға қарасты ұйымдармен жұмыс жүргізу; өз құзыры шеңберінде басқа да мемлекеттік органдармен, ұйымдармен байланыс жасау; бөлім басшысының тапсырмаларын орындау; сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру; жұмысында ақпараттық технологияларды, оның ішінде Excel, Word бағдарламаларын, құжат айналымы бойынша Документолог, Е-өтініш кеңінен пайдалануды білуі міндетті; жоғары тұрған мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдарға білім саласындағы заңнамаларды жетiлдiру жөнiнде және бөлімнің қызметін дамыту бағытында ұсыныстар енгізу; балаларды қосымша білім берумен қамтамасыз ету мемлекеттік қызметін жүзеге асыру мақсатында қосымша білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша жұмыстар атқару, күрделі жөндеу қажеттілігін қадағалау, бюджеттік өтінімдер жасақтау; облыс әкімінің хаттамалық тапсырмаларының орындалуын жүзеге асыру; саяси партиялардың сайлауалды бағдарламалары, даму жоспарлары және т.б. жобалардың орындалуына мониторинг, бақылау жүргізеді; әлеуметтік-экономикалық дамуын жоспарлауға қатысу; өз құзіреті шегінде жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен шағымдарды уақытылы қарайды.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
a.kadr@bko.gov.kz
- 18.06.2024
- Батыс Қазақстан облысы әкiмiнің аппараты, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 179
-
8-711-2-24-10-92