Батыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының механизация, мемлекеттік техникалық инспекция және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу бөлімінің бас маманы (негізгі қызметкердің жүктілікке және босануға байланысты демалысы кезеңіне 2024 жылдың 21 шілдесіне дейін)

Мемлекеттік орган

Ауыл шаруашылығы басқармасы

Аймақ

Батыс Қазақстан облысы

Санат

D-О-4 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

282693

Жалпы біліктілік талаптары

D-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Экономика
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Аграрлық техника және технология
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

шығарылатын өнiм түрлерi бойынша өңiрлiк көрмелер, жәрмеңкелер ұйымдастыруға қатынасады; агроөнеркәсiптiк кешен өнiмiнің саудасы бойынша көтерме базарларды ұйымдастыруға қатынасады; азық-түлік тауарларын сатып алу бағдарламаларына қатысушыларды анықтау жөнiндегi комиссиялардың жұмысын ұйымдастырады; азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйі, бағалардың және агроөнеркәсіптік кешен өнімдері нарықтарының мониторингін жүргізеді; тиісті өңірде азық-түлік тауарлары қорларын есепке алуды жүргізеді және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органға есептілік ұсынады; әкімшілік-аумақтық бірліктің азық-түлікпен қамтамасыз етілу теңгерімін жасайды; азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын басқару жөніндегі комиссияның ұсынымы негізінде сатып алу және тауар интервенцияларын, азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорының жаңартылуын жүргізу туралы шешім жобасын жасайды; азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану үшін мамандандырылған ұйымдардан қызметтер сатып алуды жүзеге асырады; облыс көлемінде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, тұтыну тауарларының бағаларына талдау, ірі тамақ өндіретін кәсіпорындарымен мамандардың жасақталуына бақылау жасайды; бөлімнің жұмысына қатысты облыстық кеңестерді, отырыстарды, жиналыстарды ұйымдастыруға қатынасады; бөлімге қатысты есеп және есептіліктің жүргізілуін, анықтамалардың жинақталуын және талдануын, сондай-ақ өкілетті органға ұсынылуын ұйымдастыруға қатынасады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 29.04.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

30.04.2024 – 13.05.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 25 МБ

Сұхбаттасу күні

17.05.2024

Сұхбаттасу орны

Батыс Қазақстан облысы әкiмiнің аппараты, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 179

Анықтама алу үшін байланыс

8-711-2-24-10-50