Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы мемлекеттік бағдарламаларды және мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу бөлімінің бас маманы (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыста болу кезеңіне 22.06.2026 жылға дейін)
Батыс Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасы
Батыс Қазақстан облысы
282693
Жалпы біліктілік талаптары
D-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Функционалды міндеттер
Денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша жұмыстану; Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін өз функционалдық міндеттеріне сәйкес қарастырып, жауап беру; «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын іске асыру туралы есептерді әзірлеу және тапсыру бойынша жұмысты ұйымдастыру; денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың 2030 жылға дейінгі Өңірлік перспективалық жоспары бойынша жұмыстану; Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерін тиісті органдарға ұсыну; 2021-2025 жылдарға арналған Батыс Қазақстан облысының дамыту бағдарламасының индикаторлардың және іс-шараларының орындалуы жөнінде мәліметтер ұсыну; облыстың медициналық ұйымдарында бірыңғай медициналық ақпараттық жүйені енгізу. Денсаулық сақтау саласында цифрландыру мәселелері бойынша заманауи қағидаттарды және технологияларды еңгізу. Аймақтың медицина ұйымдарымен цифрландыру мәселелері бойынша жобалық топтармен хат алмасу. Нормативтік құқықтық құжаттардың, хаттардың, өтініштердің уақтылы орындалуы; жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыруды қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен және басқа да мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес органдармен және ұйымдармен цифрландыру мәселелері бойынша хат алмасу. Облыстың медициналық ұйымдарында бірыңғай медициналық ақпараттық жүйені еңгізу; Мемлекеттік органдардың ақпараттық порталы бағдарламасы жұмысын бақылау; Құжат айналымы жүйесі жұмысына бақылау; басқарма басшысы мен мамандарының электрондық-цифрлық қолтаңбасының (ЭЦҚ) пайдаланылу мерзімдерін бақылау; «Ашық үкімет» порталының «Ашық деректер» модулі бойынша тоқсан сайын ақпарат орналастыру және өзектендіру; облыстық денсаулық сақтау басқармасының интернет-ресурсына ақпараттар орналастыру; облыс әкімдігінің ресми интернет-ресурсына ақпарат ұсыну; БҚО әкімдігімен Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігімен және басқа да басқармалар денсаулық сақтау мәселесі бойынша хат алмасулар;
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
a.kadr@bko.gov.kz
- 16.05.2024
- Батыс Қазақстан облысы әкiмiнің аппараты, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 179
-
8-711-2-24-11-76