Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы тауарлар мен көрсетілетін қызметтер бойынша мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізу бөлімінің бас маманы
Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы
Батыс Қазақстан облысы
282693
Жалпы біліктілік талаптары
D-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Құқық қорғау қызметі
- Экономика
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Мұнай газ ісі
- Құрылыс
- Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру
- Көлік құрылысы
- Қаржы
Функционалды міндеттер
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес тауарлар мен көрсетілетін қызметтер бойынша мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру және өткізу; Тапсырыс берушімен әзірленген және бекітілген мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарының негізінде қолданыстағы заңнамада көзделген тәсілдермен тауарлар мен көрсетілетін қызметтер бойынша мемлекеттік сатып алуларды өткізу; Тапсырыс беруші ұсынған, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында белгіленген құжаттарды қамтитын тапсырма негізінде қазақ және орыс тілдерінде жұмыстарды мемлекеттік сатып алудың конкурстық құжаттаманы (аукциондық құжаттаманы) әзірлеу және бекіту; Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер бойынша мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы хабарландыруды мемлекеттік сатып алудың веб-порталына орналастыру; Тапсырыс берушіге мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасына конкурстық құжаттаманы (аукциондық құжаттаманы) және (немесе) конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) техникалық өзіндік ерекшелігін алған, мемлекеттік сатып алу веб-порталына автоматты түрде тіркелген тұлғалар тарапынан сұрау салулар мен ескертулерді жіберу; Қажет болған жағдайда тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың конкурстық құжаттамаға (аукциондық құжаттамаға) өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу; Заңнамада көзделген жағдайларда конкурс немесе аукцион тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді тиісті бюджеттің кірісіне енгізу не әлеуетті өнім берушіге қайтару; Конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның) құрамын айқындау және бекіту; Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, әлеуетті өнім берушілер ұсынатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық өзіндік ерекшелікке сәйкестігіне қатысты сараптамалық қорытынды дайындау үшін сараптама комиссиясын құрады не сарапшыны айқындайды; Ескертулер, сондай-ақ тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) ережелерін түсіндіру туралы сұрау салулар болған кезде конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) жобасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді не конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) жобасына ескертпелерді қабылдамай, оларды қабылдамау негіздемелері мен себептерін көрсетеді не конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) ережелеріне түсінік береді; Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен конкурс (аукцион) тәсілімен тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің мемлекеттік сатып алудың жеңімпазын айқындайды; Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда әлеуетті өнім берушіні немесе өнім берушіні мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінеді; Құқық бұзушылық жасауға итермелейтін себептер мен жағдайларды жою жөнiнде шаралар алу; Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің мінез-құлық стандарттарын сақтайды; Еңбек тәртібін сақтайды; Мемлекеттік органның негізгі қызметінің мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтайды; әкімшілік рәсімдерді сақтады; ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысымен бекітілген Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды сақтады; Қазақстан Республикасының заңнамасында және Басқармасы туралы Ережеде қарастырылған өзге де міндеттерді жүзеге асырады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
a.kadr@bko.gov.kz
- 10.05.2024
- Батыс Қазақстан облысы әкiмiнің аппараты, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 179
-
8-711-2-24-11-76