Батыс Қазақстан облысының қоғамдық даму басқармасының жастар ісі бөлімінің бас маманы (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыс кезеңіне 2026 жылғы 7 желтоқсанға дейін. Негізгі қызметкер осы мерзімнің аяқталуына дейін жұмысқа шығу құқылы).

Мемлекеттік орган

Батыс Қазақстан облысының қоғамдық даму басқармасы

Аймақ

Батыс Қазақстан облысы

Санат

D-О-4 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

282693

Жалпы біліктілік талаптары

D-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Тарих
  • Құқық және экономика негіздері
  • Қазақ тілі мен әдебиеті
  • Орыс тілі мен әдебиеті
  • Философия
  • Халықаралық қатынастар
  • Филология
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Әлеуметтану
  • Саясаттану
  • Психология
  • Журналистика
  • Аймақтану
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Қоғамдық байланыс
  • Тарих (Гуманитарлық ғылымдар)

Функционалды міндеттер

Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру мәселелері бойынша әлеуметтанулық және саясаттанушылық зерттеулерді ұйымдастыру және өткізу; жоғарғы тұрған мемлекеттік органдарға уақытылы аналитикалық есептерді, ақпараттарды, материалдарды ұсыну; Басқарма басшылығының бекітуіне жастар саясаты саласы бойынша концептуалдық негіздер және практикалық ұсыныстарды ұсыну; республикалық және облыстық социологиялық орталықтармен, облыстағы жоғары оқу орындарының социологтары және саясаттанушыларымен, тәуелсіз аналитикалық құрылымдармен, барлық мемлекеттік органдармен байланыс жасау; Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің, облыс әкімінің саясатын, мемлекеттік жастар саясатын, Қазақстан-2050 Стратегиясын түсіндіру және насихаттау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру; тиісті жергілікті атқару және құқық қорғау, мемлекеттік органдарымен, аудандык әкімдіктермен, жоғары және арнаулы орта оқу орындарымен өзара байланыс орнату; жастар ортасындағы қоғамдық-саяси ахуалдар процестеріне болжам жасап, талдауды жүзеге асыру; облыс әкімі жанындағы жастар істері жөніндегі Кеңестің қызметін, алқа отырыстарын ұйымдастыру, баяндамалар, облыс жастарының паспортын әзірлеу; Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының, басқарма бойынша құжаттарды дайындауда «Қазақстан Республикасындағы Тілдер туралы» Заңының орындалуын бақылау; Басқарма құзырына қатысты мәселелер жөнінде жоғары тұрған органдардың құжаттарын уақытылы және сапалы орындау; Басқарманың құзырына кіретін мәселелер бойынша ақпараттық базаны жасақтау, жинақтау, жинап-қорыту және жіктеу; Басқармаға келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және жауап әзірлеу; сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұру және алдын алу; Қазақстан Республикасының заңнамасында және Басқарма туралы ережеде қарастырылған өзге де міндеттер мен талаптарды жүзеге асырады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 16.04.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

17.04.2024 – 25.04.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 25 МБ

Сұхбаттасу күні

02.05.2024

Сұхбаттасу орны

Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы 179

Анықтама алу үшін байланыс

24-20-56