Батыс Қазақстан облысы жұмылдыру даярлығы және азаматтық қорғау басқармасы жұмылдыру даярлығы бөлімінің басшысы
Батыс Қазақстан облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы
Батыс Қазақстан облысы
327924
Жалпы біліктілік талаптары
D-О-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Құқық
- Ақпараттық қауіпсіздік
- Су ресурстары және суды пайдалану
- Әскери іс
- Ұлттық қауіпсіздік
- Қоғамдық қауіпсіздік
- Бастапқы әскери дайындық
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Механика
- Гидрология
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Көлік, көліктік техника және технологиялар
- Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
- Құрылыс
- Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру
- Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі
Функционалды міндеттер
Бөлімге жүтелген міндеттер мен функцияларды басқару және орындау: бөлім қызметкерлеріне нақты мақсаттар мен міндеттер қою бойынша ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс жүргізуге; бөлім қызметкерлеріне тікелей басшылықты жүзеге асыруға; жергілікті әскери басқару органдарына олардың бейбіт кезеңдегі және жұмылдыру жарияланған кездегі жұмыстарына көмек көрсетуге, облыс аумағындағы әскери-экономикалық және командалық-штабтық оқу-жаттығуларды (жаттығуларды) дайындауға жәнеөткізуге қатысуға; облыстың жергілікті атқарушы органдарының әскери міндеттілерін брондау жөніндегі жұмыстарды жүргізуді ұйымдастыруға; соғыс жағдайын енгізу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облыстың қорғаныс кеңесі мен оның штабының жұмысын ұйымдастыруына қатысуға; облыс шегінде мемлекеттік органдар мен ұйымдарды жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында жұмыс істеуге көшіру жөніндегі іс-шаралар кешенін іске асыруды қамтамасыз ету; Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, арнаулы мемлекеттік органдардың мүдделерінде міндеттерді орындау үшін, сондай-ақ жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында экономиканың және халықтың тыныс-тіршілігінің іркіліссіз жұмысын қамтамасыз ету үшін облыс және қызмет шегінде арнаулы құрылымдар құруды ұйымдастыруға қатысуға; жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органмен облыстың жұмылдыру жоспарын келісіп, әзірлеуге және облыс әкіміне бекітуіне ұсынуға, сондай-ақ облыс аумағында жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру жөніндегі іс-шаралардың орындалуын бақылауды ұйымдастыруға; жұмылдыру тапсырыстарын белгілеу үшін жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органға ұйымдардың өндірістік, қаржылық қойма мүмкіндіктері туралы ақпарат беруге; мемлекеттік органдармен бірлесіп, экономиканы жұмылдыру жоспарларын орындауға дайындау жөніндегі іс- шараларды жүргізуге қатысуға; аудан, қала әкімдіктерінің және жергілікті жұмылдыру тапсырыстары бар ұйымдардың жұмылдыру жоспарларының келісуіне қатысуға; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облыстық жұмылдыру дайындығы жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру көлемін көздеу жөніндегі ұсыныстар енгізуге; жұмылдыру және соғыс жағдайы кезеңінде облыс шегінде шақырылуға жататын азаматтардың уақытылы құлақтандырылуын және олардың, техниканың жиын пункттеріне немесе әскери бөлімдерге жеткізілуін ұйымдастыруға және қамтамасыз етуге қатысуға; жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында ұйымдармен тауарларды өндіруге, жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге шарттар (келісімшарттар) жасасуын ұйымдастыруға қатысуға; жұмылдыру дайындығы, соғыс жағдайы кезеңінде немесе соғыс уақытында қамтамасыз ету мәселесіне қатысты сот инстанцияларында басқарманың мүдделерін білдіру, соның ішінде жұмылдыру дайындығы, соғыс жағдайы кезеңінде немесе соғыс уақытында шарттық міндеттемелерді орындамауға қатысты; аумақтық қорғаныстың іс-шараларын ұйымдастыруға; өз құзыреті шегінде мемлекеттік құпияларды қамтитын құжаттармен жұмысты ұйымдастыруға қатысу; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облыстық жұмылдыру дайындығы және жұмылдыруға қатысты барлық нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, бекітуге ұсыну; бөлім қызметкерлеріне қатысты ақпараттық қауіпсіздік саясатын, компьютерлік технологияларды қолдану ережелерінің сақталуын бақылауға және цифрландыру мәселелері бойынша тиісті шаралардың қабылдануын бақылауға; бөлімнің жұмысын жоспарлауға, үйлестіруге және бақылауға; қажет болған жағдайда азаматтарды жеке қабылдауға, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
a.kadr@bko.gov.kz
- 02.04.2024
- Батыс Қазақстан облысы әкiмiнің аппараты, 090000, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 179
-
8-711-2-24-11-76