Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының жалпы бөлімінің басшысы

Мемлекеттік орган

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі

Аймақ

Батыс Қазақстан облысы

Санат

D-3 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

327923

Жалпы біліктілік талаптары

D-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Өнер және гуманитарлық ғылымдар (білім беру саласы)
  • Өнер
  • Тілдер және әдебиет
  • Әлеуметтік ғылымдар
  • Журналистика және ақпарат
  • Бизнес және басқару
  • Құқық
  • Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (білім беру саласы)
  • Телекоммуникациялар
  • Ақпараттық қауіпсіздік
  • Инженерия және инженерлік іс
  • Өндірістік және өңдеу салалары
  • Сәулет және құрылыс
  • Ветеринария (білім беру саласы)
  • Денсаулық сақтау
  • Қызмет көрсету (білім беру саласы)
  • Білім (білім саласы)
  • Гуманитарлық ғылымдар (білім саласы)
  • Жаратылыстану ғылымдары (білім саласы)
  • Стандарттау, сертификаттау және метрология
  • Ауылшаруашылық ғылымдары (білім саласы)

Функционалды міндеттер

Облыс әкімдігі мен әкімінің ұйымдастырушылық-өкімдік (әкімнің өкімдері мен шешімдерін, әкімдіктің қаулыларын, облыс әкімі аппараты басшысының бұйрықтарын) құжаттарын («Құпия» және «ҚБП» белгісі бар құжаттарды қоспағанда) қабылдауды, тіркеуді және шығаруды, оларды таратуды жүзеге асыру, іс қағаздарын жүргізу,  көрсетілген құжаттардың электрондық базасын құру. Бөлімнің  жұмысына басшылық жасау және ұйымдастыру. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінен, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратынаң және жоғары тұрған мемлекеттік органдардан келіп түсетін тапсырмалар бойынша  ішкі бақылау және жұмысты ұйымдастыру. Облыс әкімі аппаратында құжаттама жасау және құжаттаманы басқару қағидалары талаптарының кеңсе құзырына қатысты бөліктерінің сақталуын бақылау. Облыс әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерінде және бөлімде іс жүргізудің құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың қағидалары талаптарына сәйкес жүргізу қызметін қамтамасыз ету. Бөлім қызметіне мониторинг жүргізу, облыс әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің іс жүргізу қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар беруге бастамашы болу. Облыс әкімі аппаратына келіп түскен құжаттардың  уақтылы тіркелуін, өтуін және белгіленген жерге жетуін бақылау. Облыс әкімі аппаратында құжаттардың құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың қағидалары талаптарына сәйкес ресімделу сапасын бақылау. Облыс әкімі аппаратында, қала және аудандар әкімдері аппараттарында, облыстық басқармаларда электрондық құжат айналымының жүргізілуін бақылау. Облыс әкімі аппаратында мемлекеттік тіл дәрежесін сақтау қызметін үйлестіру. Облыс әкімі аппаратында мемлекеттік тілде іс жүргізуді ұйымдастыру, облыс әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерінде, қала және аудандар әкімдері аппараттарында, облыстық басқармаларда мемлекеттік тілде іс жүргізуді бақылау. Облыс әкімі аппаратының жиынтық іс номенклатурасының жобасын құру, оны басшылыққа бекітуге ұсыну, облыстық архивке келісуге жіберу және Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік архивіне тапсыруға жататын істердің құрылуын және дұрыс ресімделуін бақылауды жүзеге асыру. Сараптау комиссиясының жұмысын қамтамасыз ету, облыс әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелеріне құжаттарды сақтауға іріктеуді немесе уақытша сақтау мерзімдері бар құжаттарды жоюға бөлуді ұйымдастыру үшін құжаттардың құндылығына сараптама жүргізуде әдістемелік көмек көрсету.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 20.03.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

26.03.2024 – 03.04.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 25 МБ

Сұхбаттасу күні

09.04.2024

Сұхбаттасу орны

Батыс Қазақстан облысы әкiмiнің аппараты, 090000, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы 179

Анықтама алу үшін байланыс

Телефон 8-711-2-24-10-95