Батыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы су ресурстары және қаржылық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы

Мемлекеттік орган

Батыс Қазақстан облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы

Аймақ

Батыс Қазақстан облысы

Санат

D-О-4 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

282693

Жалпы біліктілік талаптары

D-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Су ресурстары және суды пайдалану
  • Агроинженерия
  • Биология
  • Экология
  • Гидрология
  • Құрылыс
  • Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау
  • 2009-Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау
  • Гидротехникалық құрылыс және ғимарат
  • Гидрогеология және инженерлік геология
  • Геоэкология және табиғатты пайдалануды басқару

Функционалды міндеттер

Су қорғау аймақтары мен белдеулерін жобалау және оны белгілеу бойынша жұмыстарды орындайды. Су объектілерін пайдалану, қорғау бойынша мемлекеттік бағдарламалар үшін ұсыныстар дайындайды. Су ресурстарын қорғау мен пайдалануын реттеу жөніндегі аймақтық бағдарламаларды дайындау және жүзеге асыру бойынша жұмыстарды жүргізеді. Жер үсті су ресурстарын пайдалану үшін төлем ақыларын бекіту бойынша жұмыстарды орындайды. Конкурстық негізде уәкілетті орган айқындаған тәртіппен су объектілерін оқшау немесе бірлесіп пайдалануға беру бойынша жұмыстарды орындайды. Су шаруашылығы нысандарын қалпына келтіру бойынша жобалық -сметалық құжаттама және техникалық-экономикалық негіздеме дайындау жұмыстарын жүргізу. Коммуналдық меншiктегi су шаруашылығы құрылыстарын басқару бойынша жұмыстарды, оларды қорғау жөнiндегi шараларды жүргізеді. Мемлекеттік меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарының есебін жүргізеді, иесіз су шаруашылығы құрылыстары анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген рәсімдерді ұйымдастырады. Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекциялармен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен келiсу бойынша ауыз сумен жабдықтау көздерiнiң су қорғау аймақтарын, белдеулерiн және санитарлық қорғау аймақтарын белгiлеу бойынша жұмыстарды орындайды. Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекциялармен келісім бойынша су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылық пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілеу бойынша жұмыстарды орындайды. Бассейндік кеңестердің жұмысына және бассейндік келісімге қатысады, су объектілерін ұтымды пайдалану және қорғау, елді мекендерді сумен жабдықтау, су бұру жөніндегі ұсыныстарды бассейндік кеңестердің қарауына енгізеді, бассейндік кеңестердің ұсынымдарын зерделейді, оларды іске асыру жөнінде шаралар жүргізеді. Су объектілерін ұтымды пайдалану және қорғау, елді мекендерді сумен жабдықтау, су бұру жөніндегі, оның ішінде жерді гидромелиорациялау, су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды орындайды. Тиiстi аумақтарда орналасқан су объектiлерiнiң, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің жай-күйi туралы халықты хабардар ету бойынша жұмыстарды орындайды. Елді мекендерді шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін жерасты суларының қорын бекіту және қайта бағалау бойынша жұмыстарды орындайды. Жергiлiктi маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тiзбесiн бекiтуге дайындайды. Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) олардың учаскелерін кәсіпшілік балық аулауды, әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, көлде тауарлы балық өсіру шаруашылығын, тор қоршамада балық өсіру шаруашылығын жүргізуге арналған су айдындарына және (немесе) учаскелерге жатқызу өлшемшарттарына сәйкес кәсіпшілік балық аулауды, әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, көлде тауарлы балық өсіру шаруашылығын, тор қоршамада балық өсіру шаруашылығын жүргізуге арналған су айдындары және (немесе) учаскелер бойынша жергiлiктi маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тiзбесiн бекiтуге дайындайды. Кәсіпшілік балық аулауды жүргізу үшін бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін балық өсіруді (акваөсіруді) жүргізуге арналған балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелеріне ауыстыру жөніндегі комиссия отырысына құжаттарды дайындайды. Жануарларға ауырып қалған, бекітіліп берілмеген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде олардың қырылу қаупі төнген жағдайда оларға көмек көрсету жөніндегі іс-шараларды жүргізеді. Балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерiнiң резервтiк қорын қорғау жұмыстарын жүргізеді. Ғылыми ұсынымдар негізінде балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін паспорттау бойынша жұмыстарды жүргізеді. Жануарлар әлемін пайдалануға рұқсатқа берілген құжаттарды қарайды және қол қоюға жібереді. Облыс аумағында жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы ғылыми зерттеулер мен жобалау-іздестіру бойынша жұмыстарды орындайды. Резервтік қордың балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде балықтардың қырылу қаупі туындаған жағдайларда уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшесінің шешімі негізінде мелиорациялық балық аулау бойынша шараларды жүргізеді. Инвестициялық салымдар кезінде балық шаруашылығы субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеуге ұсынылған құжаттарды қарайды. Акваөсіру (балық өсіру) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуға субсидиялар беруге ұсынылған құжаттарды қарайды.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 19.03.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

20.03.2024 – 02.04.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 25 МБ

Сұхбаттасу күні

08.04.2024

Сұхбаттасу орны

Батыс Қазақстан облысы әкiмi аппараты

Анықтама алу үшін байланыс

8-711-2-24-12-10