Батыс Қазақстан облысының қоғамдық даму басқармасының талдау және мониторинг бөлімінің бас маманы
Батыс Қазақстан облысының қоғамдық даму басқармасы
Батыс Қазақстан облысы
282693
Жалпы біліктілік талаптары
D-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Тарих
- Құқық және экономика негіздері
- Қазақ тілі мен әдебиеті
- Орыс тілі мен әдебиеті
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Филология
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Әлеуметтану
- Саясаттану
- Психология
- Журналистика
- Аймақтану
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Қоғамдық байланыс
- Тарих (Гуманитарлық ғылымдар)
- Конфликтология
Функционалды міндеттер
Концептуалдық құжаттарды әзірлеуге, басқарма құзырына кіретін мәселелер бойынша облыс әкімінің актілерінің жобаларын дайындауға және оларға талдау жасауға қатысу; жоғары тұрған мемлекеттік органдармен, Парламентпен, мәслихатпен, облыс әкімнің аппаратымен басқарма құзырына кіретін мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасау; бөлім құзыретіне сәйкес нұсқаулар, жоспарлар мен өзге де құжаттарды дайындау; өңірдегі қоғамдық-саяси ахуалға мониторинг жүргізу, талдау жасау және болжамдау; өңірдегі әлеуметтік шиеленіс ошақтарын уақытылы анықтау және ескерту, оларды ошақтандыру бойынша алдын алу шараларын үйлестіру; облыс аумағындағы қоғамдық ұйымдармен оппозиция көшбасшыларына тұрақты мониторинг жүргізу, қызметіне талдау жасап, оларға қатысты деректер ақпараттық базасын қалыптастыру, жинақтау, қорыту және жіктеу; қоғамдық саланы дамытуға нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу бойынша ұсыныстар енгізу; Басқарма құзырына қатысты мәселелер жөнінде кеңес беру-түсіндірмелік жұмыстар жүргізу; Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің пайдаланылуын (қолданылуы, орналастырылуы) облыс аумағында бақылауды жүзеге асыру, мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссияның қызметін ұйымдастыруды қадағалау; Басқармаға келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және жауап әзірлеу; Басқарма құзырына қатысты мәселелер жөніндегі қажетті мәліметтерді жинау, жинақтау және жіктеу; Басқарма құзырына қатысты мәселелер жөнінде жоғары тұрған органдардың құжаттарын уақытылы және сапалы орындау; мониторинг жүйесі мен әдістемелігін жетілдіру жөнінде қалалар мен аудандардың атқарушы органдарымен және құрылымдарымен бірігіп жұмыс істеу; өз міндеттері бойынша жұмысты болжау және жоспарлау, ақпараттық-талдамалық мониторинг жүргізу әдістемесі мен объектілерін игеру; сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұру және алдын алу; Қазақстан Республикасының заңнамасында және Басқарма туралы ережеде қарастырылған өзге де міндеттер мен талаптарды жүзеге асырады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
a.kadr@bko.gov.kz
- 03.04.2024
- Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы 179
-
24-20-56