Батыс Қазақстан облысы қоғамдық даму басқармасының этносаясат және азаматтық қоғамды дамыту бөлімінің басшысы
Батыс Қазақстан облысының қоғамдық даму басқармасы
Батыс Қазақстан облысы
327923
Жалпы біліктілік талаптары
D-О-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Тарих
- Құқық және экономика негіздері
- Қазақ тілі мен әдебиеті
- Орыс тілі мен әдебиеті
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Филология
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Әлеуметтану
- Саясаттану
- Психология
- Журналистика
- Аймақтану
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Қоғамдық байланыс
- Тарих (Гуманитарлық ғылымдар)
Функционалды міндеттер
Облыстық деңгейде этносаралық салада мемлекеттік саясатты іске асырудың жоспарлы нысаналы индикаторлары мен тиімділік көрсеткіштерін МАМ-ның ЭҚДК-мен келісу және оларға қол жеткізуді қамтамасыз ету; этносаралық қатынастар саласындағы жұмыс туралы есептік ақпаратты дайындау; этносаралық қатынастар саласындағы талдамалық және болжамдық жұмысты ұйымдастыру, этносаралық қатынастар саласындағы тәуекелдер мен қатерлерді уақытылы анықтау және хабардар ету; облыстағы этносаралық ахуал туралы талдамалық ақпарат дайындау және оларды жоғары тұрған мемлекеттік органдарға жіберуді қамтамасыз ету; этносаралық қатынастар, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту мәселелері бойынша республикалық және облыстық іс-шаралар (семинарлар, конференциялар, жобалар, акциялар, конкурстар және т. б.) өткізуді ұйымдастыру; қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті сақтау және нығайту жөніндегі ақпараттық және ақпараттық түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру; этносаралық шиеленісті болдырмау жөнінде ұсынымдар әзірлеу; этносаралық алауыздыққа ықпал ететін БАҚ-та және әлеуметтік желілердегі материалдарға мониторинг жүргізу және анықтау, мұндай фактілерді болдырмау жөнінде көзделген құқықтық шараларды қолдануға бастама болу; этносаралық саладағы мемлекеттік саясат мәселелері бойынша үкіметтік емес ұйымдар үшін мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру және іске асыру; Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысын және медиация қызметін үйлестіру, Қазақстан халқы Ассамблеясының іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру; этносаясат саласындағы көші-қон процестерін талдау, қандастарды қазақстандық қоғамға интеграциялау; Қазақстан халқының бірлігінің негізі ретінде қазақ сегментін шоғырландыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру; халықаралық ынтымақтастық шеңберінде мемлекеттің сыртқы саяси басымдықтарды ілгерілету жөніндегі ісшараларды ұйымдастыру; Батыс Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау мәселелері жөніндегі өңірлік комиссияның жұмысын ұйымдастыру; саяси партиялармен өзара іс-қимыл жасаудың түйінді мәселелері бойынша және аймақта ішкі саяси тұрақтылықты нығайтуға және саяси процестерді демократияландыруға бағытталған ғылыми-практикалық конференциялар, семинарлар, тренингтер, «дөңгелек үстелдер» және т.б. шараларды әзірлеуді бақылау; облыс әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі Кеңестің жұмыстарын үйлестіру; үкіметтік емес ұйымдардың мемлекеттік билік органдарымен өзара іс-қимылын және ынтымақтастығын ұйымдастыру; мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру барысында үкіметтік емес ұйымдардың іс-әрекетін үйлестіру; өңірдегі үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау мәселелері бойынша басқарманың қала және аудан әкімдерімен өзара бірігіп жұмыс істеуін қамтамасыз ету және үйлестіріп отыру, қоғамдық әлеуметтік мәнді түйінді мәселерді шешу істеріне қоғамдық бірлестіктерді тарту; отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасының іске асырылуын үйлестіру, отбасы институтын нығайту, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша ісшаралар ұйымдастыру; өңірдегі ірі қоғамдықсаяси, мәдени-көпшілік маңызды іс-шараларды ақпараттық-талдамалық және ұйымдастырушылық-техникалық сүйемелдеу және ұйымдастыруды бақылау; қоғамдық бірлестіктер, саяси партиялар, қоғамдық-саяси бірлестіктер, кәсіподақ, ардагерлер және қоғам өкілдерімен өзара қарым-қатынас жасау; қоғамдық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және үйлестіру; Басқармаға келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау; өз міндетіндегі жұмысты болжау және жоспарлау, қарауындағы қызметшілердің жұмысын ұйымдастыру және бақылау; сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұру және алдын алу; Қазақстан Республикасының заңнамасында және Басқарма туралы ережеде қарастырылған өзге де міндеттер мен талаптарды жүзеге асырады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
a.kadr@bko.gov.kz
- 27.03.2024
- Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 179
-
24-20-56