Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының автомобиль жолдарын пайдалану және жөндеу бөлімінің басшысы

Мемлекеттік орган

Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

Аймақ

Батыс Қазақстан облысы

Санат

D-О-3 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

327923

Жалпы біліктілік талаптары

D-О-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Көлік, көліктік техника және технологиялар
  • Құрылыс
  • Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру
  • Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру

Функционалды міндеттер

Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын, сондай-ақ олардағы жасанды құрылыстарды салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп ұстау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру, оларды қабылдаумен байланысты кешенді жұмыстарды жүзеге асыру; қолданыстағы заңнаманы және облыс әкімінің жол-құрылыс мәселелері жөніндегі шешімдерін іске асыруды қамтамасыз ету, жол құрылысы мен жөндеудің жай-күйі туралы Басшылық үшін талдамалық есептерді, ақпараттық, презентациялық және өзге де материалдарды дайындау; мердігерлердің шарттық міндеттемелерді тиісінше орындауын, мердігерлердің орындалған жұмыстардың актілерін, атқарушылық құжаттаманы белгіленген мерзімде тапсыруын, сондай-ақ бекітілген нысандар бойынша жұмыстарды жүргізу кестесінің сақталуын бақылау; материалдардың сапасына жедел тексерулер жүргізу және облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп ұстау бойынша орындалған жұмыстардың көлемі мен сапасын бақылау. Мердігерлер орындаған жұмыстардың көлемі мен сапасын объектілерге барып қабылдау, орындалған жұмыстарды қабылдау актісіне ай сайын бұрыштама қою (№2 нысан) "Тапсырыс беруші" ретінде, белгіленген мерзімдерде төлеу үшін бухгалтерияға тапсыру; облыстық маңызы бар қызмет көрсетілетін автомобиль жолдарында қауіпсіз және үздіксіз жол қозғалысын қамтамасыз ету, жолдарды инженерлік жайластыру жөніндегі іс-шаралардың орындалуын ұйымдастыру және бақылау; қауіпсіз жол қозғалысын арттыру және жолдар мен жол құрылыстарын жайластыру бойынша ағымдағы және перспективалық жұмыс жоспарларын әзірлеуге қатысу; жол жағдайларына тұрақты бақылауды жүзеге асыру, статистикалық деректерді жинақтау қызмет көрсетілетін жолдар желісінің (қарлы, көктайғақ және су тасқыны қауіпті учаскелер, тар жерлер және т.б.) заңдылықтары мен жұмыс істеуін анықтау. Автожолдарда авариялық-қауіпті, «тар» орындардың болуын есепке алуды жүргізу, оларды жою жөніндегі жұмыстарды жоспарлау үшін ұсыныстар енгізу және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 07.03.2024

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

11.03.2024 – 13.03.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 25 МБ

Сұхбаттасу күні

18.03.2024

Сұхбаттасу орны

Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 179

Анықтама алу үшін байланыс

24-20-56