Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімінің орынбасары
Тасқала ауданының әкімдігі
Батыс Қазақстан облысы
512005
Жалпы біліктілік талаптары
Е-1 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3, C-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Бизнес және басқару
- Құқық
- Қоршаған орта
- Математика және статистика
- Инженерия және инженерлік іс
- Өндірістік және өңдеу салалары
- Сәулет және құрылыс
- Су шаруашылығы
- Агрономия
- Мал шаруашылығы
- Орман шаруашылығы
- Балық шаруашылығы
- Су ресурстары және суды пайдалану
- Агроинженерия
- Ветеринария
- Көлік қызметтері
- Әскери іс
- Ұлттық қауіпсіздік
- Қоғамдық қауіпсіздік
- Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
Функционалды міндеттер
ҚР Президенті мен Үкіметі актілерінің, облыс әкімдігі мен әкімінің құқықтық актілерін, облыс әкімінің және оның орынбасарларының тапсырмаларының орындалуын бақылау жөніндегі жұмыстарды, аудан әкімдігі мен әкімінің құқықтық актілерін, аудан әкімінің тапсырмаларының орындалуын бақылау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады. Экономиканы жедел басқару мәселелері. Мемлекеттік жоспарлау, бюжетті атқару, қаржы және салық саясатын дамыту бюджетаралық қатынастарды жетілдіру мәселелері. Газ жобасын іске асыру, отын және энергетикалық, жер қойнауын пайдалану, коммуникацияларды дамыту мәселелері. Өзі жетекшілік ететін саласының ағымдағы шығындар бойынша берешектің болдырмауын қадағалау және бюджеттің игерілуін қамтамасыз ету. Тұрғын-үй коммуналдық саласы, жолдарды салу және қайта жасақтау мәселелері. Аграрлық саясат, агроөнеркәсіпті кешенді реформалау және дамыту мәселелері. Экология және табиғат ресурстарын пайдалану, жер қатынастары, жануарлар дүниесін және өсімдіктер әлемін қорғау, қоршаған ортаны қорғау мәселелері. Тұқым шаруашылығы, ветеринария, мал шаруашылығы саласында асылдандыру жұмыстары және бағаны тұрақтандыру мәселелері (өкілеттік шегінде). Аудандық экономикалық сала бөлімдерінің және мекемелерінің қызметін үйлестіру. Жергілікті атқарушы органның өзінің құзырына кіретін мәселелер бойынша тиісті мекемелер және ұйымдармен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, жұмылдыру дайындығы мәселелері. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тиісті регламенттері мен стандарттарын сақтау. Қарауындағы салалар бойынша мәселелердi шұғыл шешу үшiн құрылатын басқа да комиссиялар мен топтарға басшылық етеді. Жетекшілік ететін сұрақтар бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
a.kadr@bko.gov.kz
- 21.02.2024
- Батыс Қазақстан облысы әкiмiнің аппараты, 090000, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы 179
-
Телефон 8-711-2-24-10-95