Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты бірыңғай заң қызметінің бас инспекторы

Мемлекеттік орган

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі

Аймақ

Батыс Қазақстан облысы

Санат

D-3 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

327923

Жалпы біліктілік талаптары

D-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық

Функционалды міндеттер

Заңдылықты, азаматтардың бостандықтары мен мүдделерін қамтамасыз етудің жай-күйіне талдау жасауға қатысу.  Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарының, өкімдерінің, Үкіметі қаулыларының, басқа да республикалық нормативтік актілердің, облыс әкімдігі қаулыларының, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын бақылау және тексеруді қамтамасыз ету. Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдауды қамтамасыз ету. Облыс әкімдігі қаулыларының, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларына, жетекшілік ететін басқармалардың құқықтық актілеріне құқықтық сараптама жасау. Мемлекеттік органдардың интранет-порталына келісу үшін келіп түсетін нормативтік құқықтық актілерді қарау мерзімдерінің сақталуын бақылау. Облыс әкімі мен әкімдігі шығаратын нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркелуін ұйымдастыру және қамтамасыз ету. Нормативтік құқықтық актілердің тізілімін жүргізу. Облыс әкімі мен әкімдігінің нормативтік құқықтық актілеріне енгізілген прокурорлық ден қою актілері туралы ақпараттарды жинау, қорыту және талдау.  Дін істері, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, дене шынықтыру және спорт, автомобиль жолдары, жолаушылар көлігі салаларындағы құқықтық мәселелерге жетекшілік ету және қызметтік үйлестіру. Облыс әкімі аппаратының қызметінде туындайтын құқықтық мәселелер бойынша заңдық кеңестер, қорытындылар, анықтамалар беру. Төмен тұрған ұйымдарда заңнаманың қолданылу тәжірибесіне талдау жасау және жұмысты жетілдіру жөнінде шаралар әзірлеу. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларын түсіндіру. Аудандар және Орал қаласы әкімдіктерімен, сондай-ақ ауылдық округтер әкімдерімен қабылданатын құқықтық және нормативтік құқықтық актілер бойынша талдау жасау. Сотта жетекшілік ететін басқармалардың мүдделерін білдіру және өкілеттік ету. Құқықтық жаппай оқытуды ұйымдастыру. Алқабилердің тізімдерін жасақтау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру. Облыс әкімі мен әкімдігінің нормативтік құқықтық актілері бойынша тоқсан сайынғы, жартыжылдық мониторингті жүргізу. Нормативтік құқықтық актілер бойынша белгіленген нысандағы тоқсан сайынғы есепті Батыс Қазақстан облысы бойынша әділет органдарына ұсыну. Азаматтардың арыз шағымдарымен және тағы басқа жолданымдарын қарастыру. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 656-бабымен қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша  хаттамалар толтыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 13.02.2024

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

14.02.2024 – 16.02.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 25 МБ

Сұхбаттасу күні

21.02.2024

Сұхбаттасу орны

Батыс Қазақстан облысы әкiмiнің аппараты, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 179

Анықтама алу үшін байланыс

8-711-2-24-10-50