Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әкімінің орынбасары

Мемлекеттік орган

Қаратөбе ауданының әкімдігі

Аймақ

Батыс Қазақстан облысы

Санат

Е-1 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

512005

Жалпы біліктілік талаптары

Е-1 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3, C-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Бизнес және басқару
  • Құқық
  • Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
  • Телекоммуникациялар
  • Агрономия
  • Агроинженерия
  • Ветеринария
  • Қызмет көрсету саласы
  • Гигиена және өндірісте еңбекті қорғау
  • Көлік қызметтері
  • Құқық және экономика негіздері
  • Халықаралық қатынастар
  • Әлеуметтану
  • Саясаттану
  • Аймақтану
  • Статистика
  • Қоғамдық байланыс
  • Экология
  • Метеорология
  • Автоматтандыру және басқару
  • Машина жасау
  • Көлік, көліктік техника және технологиялар
  • Электр энергетикасы
  • Стандарттау, сертификаттау және метрология

Функционалды міндеттер

1.ҚР Президентінің Жарлықтары мен Үкімет қаулыларының облыс, аудан әкімдігінің қаулыларын, шешімдері мен өкімдерінің, жоғарғы органдардан келген тапсырмалардың орындалуына бақылау жасау;

  1. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы тиісті көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз ету;
  2. Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы, жер қатынастары бөлімі, сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, мемлекеттік сатып алу бөлімі, коммуналдық шаруашылық мекемесіне басшылық жасау, жұмыстарын ұйымдастыру;

4.Ауылшаруашылығы және кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын және жеке инвестиция тарту жұмыстарын ұйымдастыру;

  1. Жер қатынастары бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, жер телімдерінің нысаналы пайдалануына бақылауды қамтамасыз ету;
  2. Тұрғын үй және әлеуметтік саладағы объектілердің қысқа әзірлігі туралы іс шараларды жетілдіру және іске асыру, кәсіпорындарды жылумен, электр қуатымен, табиғи газ, сумен қамтамасыз ету жұмыстарын үйлестіру, Коммуналдық шаруашылықтың жұмыстарын дамыту ұйымдастыру;
  3. Жолаушылар көлігі қызметін ұйымдастыру және бақылауды іске асыру;
  4. Елді мекендерді абаттандыру іс шараларын жетілдіру және жүзеге асыру;
  5. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында мемлекеттік саясатты жүргізу, құрылыс жобаларының игерілуін қамтамасыз ету, құрылыс сапалығына бақылауды жүзеге асыру, сәулет-құрылыс жүйесінің жергілікті маңызы бар нысандардың бақылауын басқару;
  6. Жетекшілік ететін салалар бойынша мемлекеттік бағдарламалардың орындаулын қамтамасыз ету;
  7. Төтенше жағдайлардың алдын алу, жұмылдыру жұмыстарын ұйымдастыру, орындалуын қамтамасыз ету;
  8. Жеке және заңды тұлғалардың өтінімдерін қарап, азаматтарды жеке жұмыспен қабылдау;
  9. Ауданның жұмысына қатысты берілген өзге де тапсырмаларды орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 29.01.2024

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

30.01.2024 – 01.02.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 25 МБ

Сұхбаттасу күні

06.02.2024

Сұхбаттасу орны

Батыс Қазақстан облысы әкiмiнің аппараты, 090000, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы 179

Анықтама алу үшін байланыс

Телефон 8-711-2-24-10-95