Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімінің орынбасары

Мемлекеттік орган

Шыңғырлау ауданының әкімдігі

Аймақ

Батыс Қазақстан облысы

Санат

Е-1 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

512005

Жалпы біліктілік талаптары

Е-1 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3, C-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқық
  • Инженерия және инженерлік іс
  • Сәулет және құрылыс
  • Гигиена және өндірісте еңбекті қорғау
  • Көлік қызметтері
  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Металлургия
  • Жылу энергетикасы
  • Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)
  • Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру
  • Стандарттау, сертификаттау және метрология
  • Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру
  • Қаржы
  • Жобаны басқару

Функционалды міндеттер

Жер қатынастары мәселелері. Энергетиканы дамыту, энергия үнемдеу саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу мәселелері. Отын және  энергетикалық сала кәсіпорындарының мәселелері. Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен қайта құру бағдарламаларын іске асыру мәселелері. Ауылдық елді мекендерінде сумен қамту және су бөлудің қолданыстағы нысандарын қайта жаңғырту мен жаңа нысандарын салу мәселелері. Құрылыс мәселелері. Экология және қоршаған ортаны қорғау, абаттандыру мәселелері. Ауданның елді мекендерін газдандыру және электрлендіру мәселелері. Тарифтік саясат мәселелері. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мәселелері. Жұмылдыру дайындығы мәселелері. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік саясат  мәселелері. Сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері. Мемлекеттік  жоспарлау, бюджетті атқару, қаржы және салық саясатын дамыту, бюджетаралық қатынастарды жетілдіру, мемлекеттік сатып алу, бағаны тұрақтандыру мәселелері. Ақша айналымы, несиелеу және қаржы нарығын тұрақтандыруға, банктерді одан әрі нығайтуға ықпал ететін валюталық қатынастар саласында мемлекеттік саясатты жүргізуге қатысу. Коммуналдық меншікті және коммуналдық меншіктегі активтерді басқару

мәселелері. Мемлекеттік    және жекешелік әріптестікті дамыту мәселелері. Инженерлік-инфрақұрылымдық коммуникацияларды дамыту мәселелері. Аудан рейтингісі мен округ әкімдерінің рейтингісі көрсеткіштері мәселелері (өкілеттігі шеңберінде). Өзінің өкілеттігі шеңберінде «Ұлттық банк» аудандық филиалы, ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің БҚО бойынша Қазынашылық департаментінің Шыңғырлау аудандық Қазынашылық басқармасы, Шыңғырлау ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы, БҚО электр желілерін  таратушы компаниясы» АҚ

Шыңғырлау ауданы бойынша филиалы, аудандық газ учаскесі, «Қазақтелеком» АҚ аудандық бөлімшесі, Шыңғырлау орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі, Теміржол станциясы, аудандық төтенше жағдайлар бөлімі, №22 Шыңғырлау аудандық өрт сөндіру бөлімі, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» Коммерциялық емес акционерлік қоғамының БҚО бойынша филиалы Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаменті Шыңғырлау ауданының бөлімшесі, аудандық статистика басқармасы, Метео орталығы қызметіне жетекшілік етеді. Жетекшілік ететін салалары бойынша: Мемлекет басшысының, Президент Әкімшілігінің, Үкіметтің, облыс, аудан әкімінің тапсырмаларының орындалуын, мемлекеттік және салалық бағдарламалардың, аудан аумағын дамыту бағдарламасының іске асырылуын, аудандық деңгейде жүргізілетін мемлекеттік органдардың қызметі тиімділігін бағалау көрсеткіштерін бақылауды жүзеге асырады. Ауылдық округ әкімдерінің қызметін (өкілеттігі шеңберінде) үйлестіру. Аудандық экономика және қаржы, жер қатынастары, сәулет, қала құрылысы және құрылыс, тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдерінің қызметіне жетекшілік етеді. Өз өкілеттігі шеңберінде жеке және заңды тұлғалардың арыз- өтініштері, шағымдары мен өзге де жүгінулерін қарайды. Аудандық жер беру комиссиясы, сәулет-қала құрылысы кеңесі, аудан әкімдігі жанындағы қауіпсіз жол қозғалысын қамтамасыз ету жөніндегі комиссиясы, ауданның өндірістік және әлеуметтік мақсаттағы нысандарын күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа дер мерзімінде даярлауды үйлестіру және бақылау жөніндегі аудандық штабтың, салық салынатын базаны кеңейту жөніндегі жұмыс тобының жұмысына басшылық жасайды, мүлікті жария ету жөніндегі комиссия, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия жұмысын басқарады. Аудандық бюджеттік комиссия жұмысын үйлестіреді.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 23.01.2024

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

24.01.2024 – 26.01.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 25 МБ

Сұхбаттасу күні

31.01.2024

Сұхбаттасу орны

Батыс Қазақстан облысы әкiмiнің аппараты, 090000, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы 179

Анықтама алу үшін байланыс

Телефон 8-711-2-24-10-95