Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары

Мемлекеттік орган

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі

Аймақ

Батыс Қазақстан облысы

Санат

D-О-2 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

441254

Жалпы біліктілік талаптары

D-О-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Агрономия
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Экология
  • Орман ресурстары және орман шаруашылығы
  • Топырақтану және агрохимия
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Басқарма бойынша бюджеттік бағдарламаларға жетекшілік етеді және олардың іске асырылуын қадағалайды. Басқарманың қарамағындағы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемелердің жұмысына жетекшілік етеді. Қоршаған ортаны қорғау, орман және жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және орман өсiру жөніндегі іс-шараларды қарастыратын басқарманың жоспарын құру бойынша жұмысты ұйымдастырады және олардың іске асырылуын қамтамасыз етеді. Орман зиянкестерi мен ауруларына қарсы күресте авиахимиялық, авиабиологиялық және аэрозольдық iс-шаралар жүргiзген кезде, сондай-ақ орманда өрт қаупi жоғары болып тұрған кезеңдерде жеке тұлғалардың мемлекеттiк орман қоры аумағында болуына тыйым салу туралы, орман пайдалану құқығын шектеу туралы жобаларды әзірлеу бойынша жұмысты ұйымдастырады. Батыс Қазақстан облысының ормандарды молықтыру мен орман өсірудің кешенді жоспарының орындалуын, орман дақылдарын отырғызу мен толықтыру жұмыстарын және отырғызылған екпе көшеттердің жерсінуін қамтамасыз етеді. Уәкiлеттi органға беру үшiн өздерiнiң функционалдық қарамағындағы орман қорының мемлекеттiк есебi, мемлекеттiк орман кадастры, мемлекеттiк орман мониторингi жөнiнде материалдарды дайындау жұмыстарын ұйымдастырады. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орманды (өсіп тұрған сүрек үшін ставкаларды қоспағанда), жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларының жобаларын дайындаудың жұмыстарын ұйымдастырады. Уәкілетті орган айқындаған тәртіппен басқа санаттардағы жерді орман қоры жеріне ауыстыруды жүзеге асыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады. Республикалық маңызы бар мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң тiзбесi, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесi мен экологиялық желiлерді дамыту, республикалық және жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөнiндегi ұсыныстарды уәкiлеттi органға енгiзеді. Жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөнiндегi жаратылыстану-ғылыми және техникалықэкономикалық негiздемелерiн әзiрлеудi ұйымдастырады және оларға мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзудi қамтамасыз етедi. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттiк кадастрын жүргiзуге қатысады. Өздерiнiң қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың паспорттарын әзірлеудің және паспорттарды уәкiлеттi органға тiркеуге (қайта тіркеуге) беру бойынша жұмыстарды ұйымдастырады. Жергiлiктi маңызы бар мемлекеттiк табиғат ескерткiштерi аумағының шекарасын және қорғау режимiнiң түрі жобаларын әзірлеу бойынша жұмысты ұйымдастырады. Жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдарды тарату және олардың аумақтарын азайту бойынша материалдарды дайындау жұмысын ұйымдастырады. Мемлекеттік орман саясатын қалыптастыру және оны іске асыру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдауға қатысады және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту салаларындағы мемлекеттік саясатты іске асырады. Ормандарды күзетудi, қорғауды, молықтыру мен орман өсiрудi ұйымдастырады және өздерiнiң функционалдық қарамағындағы мемлекеттiк орман қоры аумағында орман пайдалануды реттеуді қамтамасыз етеді. Мемлекеттiк орман қоры аумағында ормандағы өрттердiң алдын алу және оларға қарсы күрес жөнiндегi iс-шаралардың жыл сайынғы жоспарларын әзірлеу бойынша жұмысты ұйымдастырады және оларды орындауды iске асырады. Мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң тiзбесi бойынша ұсыныстар әзірлейді және уәкiлеттi органмен келiседі, жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың паспорттарын бекітуге ұсыну бойынша жұмысты ұйымдастырады. Өздерiнiң функционалдық қарауындағы мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде аяқталған объектiлердi және орман шаруашылығы iс-шараларын жүргiзу нәтижесiнде өндiрiлген дайын өнiмдердi қабылдауға жауапты болады және оларды қабылдауды жүзеге асырады. Орман қоры аумағында орман зиянкестерiмен және ауруларымен күрес және орманның санитарлық жай-күйiн жақсарту жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырады. Уәкiлеттi органның және облыстың жергілікті өкiлдi органының қатысуымен өздерiнiң функционалдық қарауындағы мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға беру бойынша тендерлер өткізу бойынша жұмысты ұйымдастырады. Өздерiнiң функционалдық қарауындағы мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану құқығын, сондай-ақ ормандардың жай-күйiне және молықтырылуына қауiп төндiретiн жұмыстарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тоқтата тұру, шектеу, тоқтату бойынша жұмыстарды ұйымдастырады. Орман ресурстарын сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристiк және спорттық мақсаттар, аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары, жанама орман пайдалану үшiн ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға берiлген өз қарауындағы мемлекеттiк орман қоры жерлерiнде орман пайдаланушыларға құрылыс объектiлерiн салуға учаскелер беру бойынша жұмысты ұйымдастырады. Жергiлiктi маңызы бар мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерi тiзбесiнің, жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөнiндегi жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негiздемелер жобасын бекiтуге дайындау жұмыстарын ұйымдастырады. Мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда, жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды функционалдық аймақтарға бөлудi түзету жобаларын бекiтуге дайындау жұмыстарын ұйымдастырады. Өздерiнiң қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару жоспарларын әзiрлеу бойынша жұмысты ұйымдастырады, оларды күзетудi, қорғауды және қалпына келтiрудi, сондай-ақ ғылыми зерттеулер жүргiзудi қамтамасыз етедi. Аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары үшiн жануарлар дүниесiн пайдаланушыларға аңшылық алқаптарды бекiтiп беру бойынша конкурстар өткiзу бойынша жұмысты ұйымдастырады. Аңшылық алқаптарының резервтiк қорында жануарлар дүниесiн қорғауды қамтамасыз етедi және ұйымдастырады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 17.01.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

18.01.2024 – 26.01.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 25 МБ

Сұхбаттасу күні

01.02.2024

Сұхбаттасу орны

Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты

Анықтама алу үшін байланыс

8-711-2-24-12-10