Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық жұмыстары бөлімінің басшысы
Батыс Қазақстан облысының әкімдігі
Батыс Қазақстан облысы
380391
Жалпы біліктілік талаптары
D-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Өнер
- Тілдер және әдебиет
- Әлеуметтік ғылымдар
- Журналистика және ақпарат
- Бизнес және басқару
- Құқық
- Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
- Телекоммуникациялар
- Ақпараттық қауіпсіздік
- Инженерия және инженерлік іс
- Өндірістік және өңдеу салалары
- Сәулет және құрылыс
- Ветеринария
- Білім (білім саласы)
- Гуманитарлық ғылымдар (білім саласы)
- Жаратылыстану ғылымдары (білім саласы)
- Стандарттау, сертификаттау және метрология
- Ауылшаруашылық ғылымдары (білім саласы)
Функционалды міндеттер
Бөлімнің жұмысына басшылық жасау, ұйымдастыру және жоспарлау, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің, облыс әкімінің мемлекеттілік пен аумақтық біртұтастықты нығайту жөніндегі мемлекеттік саясатын, стратегиялық, ұзақ мерзімдік және орта мерзімдік міндеттерін, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің нормативтік құқықтық актілерін, тапсырмаларын, сондай-ақ облыс әкімдігінің қаулыларын, облыс әкімінің шешімдерін, өкімдерін және тапсырмаларын жүзеге асыруды қамтамасыз ету мәселелері бойынша аудандар және Орал қаласы әкімдері аппараттарының жұмысын үйлестіру. Облыс әкімі аппаратының аудандар және Орал қаласы, аудандық маңыздағы Ақсай қаласы, ауылдық округтер мен кенттер әкімдіктерімен ақпараттық-талдамалық байланысын, облыс, аудандар және Орал қаласы мәслихаттарымен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету. Аудандардың және Орал қаласының әлеуметтік-экономикалық жағдайына, жергілікті атқарушы органдардың экономикалық қайта құру және қоғамдық-саяси жағдайды тұрақтандыруды іске асыру жөнінде қабылдайтын шараларына мониторинг жүргізу және талдау жасау. Облыс әкіміне, оның бірінші орынбасары мен облыс әкімі аппаратының басшысына аудандар мен Орал қаласындағы жағдай туралы тұрақты баяндау. Аудандар және Орал қаласы әкімдіктерімен Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің, облыс әкімдігі қаулыларының, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, облыс әкімінің және оның бірінші орынбасары мен облыс әкімі аппаратының басшысы тапсырмаларының орындалуын жедел бақылауды және тексеруді ұйымдастыру. Облыс әкімінің қатысуымен өткен хаттамалық іс-шаралардың қамтамасыз етілу мәселелері. Аудандар мен Орал қаласы әкімдері аппараттарымен, облыстық басқармалармен, облыстық, қалалық және аудандық мәслихат аппараттарымен, басқа да уәкілетті органдармен өзара іс-әрекет жасау, олармен бірлесе отырып, тиісті сайлау комиссияларына сайлауды, референдумды ұйымдастыруға және өткізуге көмек көрсету. Ұйымдастыру-инспекторлық жұмыстары бөліміне келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауды ұйымдастыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
a.kadr@bko.gov.kz
- 22.01.2024
- Батыс Қазақстан облысы әкiмiнің аппараты, 090000, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 179
-
8-711-2-24-06-30