Батыс Қазақстан облысы жұмылдыру даярлығы және азаматтық қорғау басқармасының жұмылдыру даярлығы бөлімінің бас маманы

Мемлекеттік орган

Батыс Қазақстан облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы

Аймақ

Батыс Қазақстан облысы

Санат

D-О-4 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

282693

Жалпы біліктілік талаптары

D-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Ақпараттық қауіпсіздік
  • Су ресурстары және суды пайдалану
  • Әскери іс
  • Ұлттық қауіпсіздік
  • Қоғамдық қауіпсіздік
  • Бастапқы әскери дайындық
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Механика
  • Гидрология
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Көлік, көліктік техника және технологиялар
  • Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
  • Құрылыс
  • Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру
  • Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі

Функционалды міндеттер

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облысы аумағында азаматтық қорғау бойынша жұмысты үйлестіруге және ұйымдастыруға; қала және аудан әкімдіктерінің командалық-штабтық оқу-жаттығуларға тактикалық-арнайы оқу-жаттығуларға қатысуларын ұйымдастыруға және қамтамасыз етуге; облыс аумағында төтенше жағдай орын алған жағдайда халықты қамтамасыз ету үшін қажетті материалдық-техникалық, медициналық, азық-түлік және өзге де құралдардың қорларын құру, жинақтау, сақтау және жаңарту жөнінде ұсыныстар енгізуге, сондай-ақ оларды жүзеге асыру жөнінде жұмыс жүргізуге; заңнамалық актілерді азаматтық қорғау бөлігінде жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеуді жүзеге асыруға; заңнамалық актілердің жобаларын келісуді жүргізуге; мемлекеттік органға жүктелген жоспарлы құжаттардың, нормативтік-құқықтық актілердің, стратегиялық мақсаттар мен міндеттердің орындалуын жүзеге асыруға; өз құзыретіне жататын негізгі қызметінің мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауға, олар бойынша қорытындылар, анықтамалар мен жауаптар дайындауды жүзеге асыруға; жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен ұйымдардың азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы жұмысын регламенттейтін құжаттардың жобаларын әзірлеуге; құжаттардың уақытылы және сапалы орындалуын іске асыруды жүзеге асыруға, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, әкімнің шешімдерін, өкімдері мен тапсырмаларын, облыс әкімдігінің қаулыларын және басқарма басшысының нұсқауларын орындау мақсатындағы іс-шараларды жүзеге асыруға; облыстық қызметтер мен азаматтық қорғау құралымдарының басшылық құрамымен азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі жұмысты жоспарлауға және ұйымдастыруға; Батыс-Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің азаматтық қорғау қызметтерімен және бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметімен өзара іс-қимылдарды жүзеге асыруға; азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою мәселелері бойынша қабылданған шешімдер мен бекітілген жоспарлардың іс-шаралардың орындалуын бақылауды жүзеге асыруға; мемлекеттік мекеменің құпия ақпаратын басқа ұйымдар мен үшінші тұлғаларға жария етпеуге; құзыреті шеңберінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтауға; бөлім басшысының құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындауға; бөлім қызметкерлеріне қатысты ақпараттық қауіпсіздік саясатын, компьютерлік технологияларды қолдану ережелерінің сақталуын бақылауға және цифрландыру мәселелері бойынша тиісті шаралардың қабылдануын бақылауға.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 21.11.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

22.11.2023 – 30.11.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 25 МБ

Сұхбаттасу күні

06.12.2023

Сұхбаттасу орны

Аппарат акима Западно-Казахстанской области, г.Уральск, проспект Нурсултан Назарбаева 179

Анықтама алу үшін байланыс

8-711-2-24-11-76