Батыс Қазақстан облысы жұмылдыру даярлығы және азаматтық қорғау басқармасының жұмылдыру даярлығы бөлімінің бас маманы
Батыс Қазақстан облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы
Батыс Қазақстан облысы
282693
Жалпы біліктілік талаптары
D-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
- Ақпараттық қауіпсіздік
- Су ресурстары және суды пайдалану
- Әскери іс
- Ұлттық қауіпсіздік
- Қоғамдық қауіпсіздік
- Бастапқы әскери дайындық
- Экономика
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Механика
- Гидрология
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Көлік, көліктік техника және технологиялар
- Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
- Құрылыс
- Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру
- Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі
Қосымша талаптар
Функционалды міндеттер
Жергілікті әскери басқару органдарына олардың бейбіт кезеңдегі және жұмылдыру жарияланған кездегі жұмыстарына көмек көрсетуге, облыс аумағындағы әскери-экономикалық оқу-жаттығуды (жаттығуды) дайындауға және өткізуге қатысуға; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облысты жұмылдыру дайындығы жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру көлемін көздеу жөніндегі ұсыныстар енгізуге; жұмылдыру және соғыс жағдайы кезеңінде облыс шегінде шақырылуға жататын азаматтардың уақытылы құлақтандырылуын және олардың, техниканың жиын пункттеріне немесе әскери бөлімдерге жеткізілуін ұйымдастыруға және қамтамасыз етуге қатысуға; жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында ұйымдармен тауарларды өндіруге, жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге шарттар (келісімшарттар) жасасуын ұйымдастыруға қатысуға; аумақтық қорғаныстың іс-шараларын ұйымдастыруға; өз құзыреті шегінде мемлекеттік құпияларды қамтитын құжаттармен жұмысты ұйымдастыруға қатысу; бөлім қызметкерлеріне қатысты ақпараттық қауіпсіздік саясатын, компьютерлік технологияларды қолдану ережелерінің сақталуын бақылауға және цифрландыру мәселелері бойынша тиісті шаралардың қабылдануын бақылауға; қажет болған жағдайда азаматтарды жеке қабылдауға, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауға қатысуға.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
a.kadr@bko.gov.kz
- 24.11.2023
- Батыс Қазақстан облысы әкiмiнің аппараты, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 179
-
8-711-2-24-11-76