Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты ішкі аудит қызметінің бас маманы

Мемлекеттік орган

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі

Аймақ

Батыс Қазақстан облысы

Санат

D-4 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

243700

Жалпы біліктілік талаптары

D-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1 жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес.

 

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Қаржы
  • Мемлекеттік аудит

Қосымша талаптар

Мемлекеттік аудитор біліктілігін куәландыратын сертификаты

Функционалды міндеттер

Қаржылық есептілікке аудит жүргізуге қатысады. Жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын және тиісті облыстың әкімшілік бағыныстылығының аумағындағы атқарушы органдарда, олардың бөлімшелерінде, ведомстволық бағынысты ұйымдарында олардың қызметінің барлық бағыттары бойынша тиімділік және сәйкестік аудитін жүргізеді. Мемлекеттік сатып алуды жүргізу және шарттар талаптарының орындалу рәсіміне, соның ішінде сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің мерзімі, көлемі, бағасы, саны және сапасы бойынша сәйкестік аудитін жүргізеді. Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша жоспардан тыс мемлекеттік аудит жүргізеді. Ішкі процестердің (бизнес-процестердің) тәуекелдерін басқару жүйесі негізінде жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын және тиісті облыстың әкімшілік бағыныстылығының аумағындағы атқарушы органдарда, олардың бөлімшелерінде, ведомстволық бағынысты ұйымдарында ішкі бақылау және басқару жүйесінің жұмыс істеуін бағалауды жүзеге асырады. Бюджет шығыстарымен өзара байланыста облыстың аумақтарды дамыту бағдарламаларының мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуін, оның ішінде дамуға арналған нысаналы трансферттерді іске асыруды қоса бюджеттік инвестициялар шеңберінде талдау жүргізеді. Коммуналдық активтер мен мүліктің, тауарлық-материалдық қорлардың және өзге де активтердің сақталуын тексеруді жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының  заңнамасына сәйкес республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттердің қаражатын пайдалану кезінде бұзушылықтардың жолын кесу, оларға жол бермеу жөніндегі, анықталған кемшіліктерді жою, мемлекеттік органның қызметін ұйымдастырудың ішкі процестерінің тиімділігін арттыру жөніндегі ұсынымдармен бірге ішкі мемлекеттік аудит нәтижелері туралы есепті дайындап, облыс әкіміне енгізеді. Жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын және тиісті облыстың әкімшілік бағыныстылығының аумағындағы атқарушы органдардын, олардың бөлімшелерінің, ведомстволық бағынысты ұйымдарының жылдық жұмыс жоспарларының орындалу мониторингін жүзеге асырады. Қажеттілікке қарай тәуекелдерді басқару жүйесі тәуекел критерийлерінің тиімділігіне (өзектілігіне) мониторинг жүргізеді. Мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды қатаң түрде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына сәйкес жүргізеді. Ішкі аудит қызметінің жылдық және тоқсандық жұмыс жоспарларын, ішкі аудит қызметінің оқыту бойынша жоспарларының орындалуын қамтамасыз етеді. Мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесін қалыптастыруға қатысады. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының, соның ішінде ІАҚ-ның берген ұсынымдары мен міндетті түрде орындау үшін жолданған ескертпелерінің орындалу мониторингін жүйелі негізде жүзеге асырады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 08.11.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

09.11.2023 – 17.11.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 25 МБ

Сұхбаттасу күні

23.11.2023

Сұхбаттасу орны

Батыс Қазақстан облысы әкiмiнің аппараты, 090000, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы 179

Анықтама алу үшін байланыс

Телефон 8-711-2-24-10-95