Батыс Қазақстан облысының қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары.

Мемлекеттік орган

Батыс Қазақстан облысының қоғамдық даму басқармасы

Аймақ

Батыс Қазақстан облысы

Санат

D-О-2 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

441254

Жалпы біліктілік талаптары

D-О-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлау, өзгерістерді басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында бір жылдан кем емес;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Тарих
  • Құқық және экономика негіздері
  • Қазақ тілі мен әдебиеті
  • Орыс тілі мен әдебиеті
  • Шетел тілі: екі шетел тілі
  • Кәсіптік оқыту
  • Философия
  • Халықаралық қатынастар
  • Филология
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Әлеуметтану
  • Саясаттану
  • Психология
  • Аймақтану
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Тарих (Гуманитарлық ғылымдар)

Функционалды міндеттер

Қоғамның демократиялық институттарын нығайтуға, «Қазақстан-2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағдары» Стратегиясының негізгі басым бағыттарын түсіндіруге және насихаттауға қатысу, қоғамдық даму, қоғамдық-саяси сала мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын, мемлекеттік ішкі саясатты насихаттау және түсіндіру жөніндегі бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру барысындағы жұмыстарды үйлестіріп отыру; Қазақстан дамуының ұзақ мерзімді басымдықтарын тиімді іске асыру бойынша ұсыныстар және облыста қоғамдық даму және ішкі саясат саласындағы жұмыстарды ұйымдастыру бойынша практикалық ұсынымдар әзірлеу; жастарды және үкіметтік емес ұйымдарды қолдау бойынша мемлекеттік бағдарламаның орындалуын қамтамасыз ету; қоғамдық даму мен ішкі саясатты жүргізудің басым бағыттары, практикалық жұмыстар туралы әдістемелік материалдар шығаруды қамтамасыз ету; Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысын үйлестіру; ірі қоғамдық-саяси, мәдени-спорттық шаралардың жоспарлы түрде өткізу жұмыстарын қамтамасыз етуді бақылау; Басқарма құзырына қатысты мәселелер жөнінде кеңес беру-түсіндірмелік жұмыстар жүргізу; азаматтық қоғам институттарымен, тұрғындар өкілдерімен, саяси партиялармен, үкіметтік емес ұйымдармен, жастар қоғамдық бірлестіктерімен, этномәдени бірлестіктермен, құқық қорғау және басқа да қоғамдық ұйымдармен, кәсіптік одақтармен, ғылыми және шығармашылық қауымдастықпен өзара іс-әрекетті жүзеге асыру; ішкі саясат саласындағы мемлекеттік саясатты, Қазақстан Республикасында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын және қамтамасыз етілуін айқындайтын тұжырымдамалар, бағдарламалар әзірлеуге және іске асыруға қатысу; аймақта ішкі саяси тұрақтылықты нығайтуға және саяси процестерді демократияландыруға бағытталған республикалық және аймақтық ғылыми  практикалық шараларды әзірлеуге және өткізуге қатысу; Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, облыс әкімінің Басқарма құзыретіне қатысты актілері мен тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз етуді бақылау; қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру және өткізуді жүзеге асыру; Басқармаға келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау; өз міндеттегі жұмысты болжау және жоспарлау, қарауындағы қызметшілердің жұмысын ұйымдастыру және бақылау; Қазақстан Республикасының заңнамасында және Басқарма туралы ережеде қарастырылған өзге де міндеттер мен талаптарды жүзеге асырады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 19.10.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

20.10.2023 – 31.10.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 25 МБ

Сұхбаттасу күні

06.11.2023

Сұхбаттасу орны

Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы 179

Анықтама алу үшін байланыс

24-20-56