Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы әкімінің орынбасары
Жәнібек ауданының әкімдігі
Батыс Қазақстан облысы
512004
Жалпы біліктілік талаптары
Е-1 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлау, өзгерістерді басқару;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3, C-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
- Агрономия
- Тарих
- География
- Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
- Халықаралық қатынастар
- Құқықтану
- Аспаптық орындаушылық
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Жеміс - көкөніс шаруашылығы
- Әлеуметтік жұмыс
- Ветеринарлық медицина
- Ветеринарлық санитария
- Жаратылыстану ғылымдары: химия
- Жаратылыстану ғылымдары: биология
- География - Тарих
Функционалды міндеттер
Заңмен белгіленген құзыреті шегінде білім беру, шағын және орта бизнесті қолдау, жұмыспен қамту және әлеуметтік, денсаулық сақтау, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт салалары бойынша ауданның мемлекеттік мекемелерімен Қазақстан Республикасының Заңдарын және нормативтік- құқықтық актілерінің орындалуына ықпал ету;, әскерге шақыру және қоғамдық бірлестіктер мен бұқаралық ақпарат құралдарымен қарым- қатынастар, қоғамдық-саяси жағдайды зерттеу, осы бағыттағы өзекті мәселелерді айқындау бағытында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру үшін аудан әкімінің ұйымдастыру және бақылау өкілеттіктерін жүзеге асыру. Аграрлық саясат, агроөнеркәсіптік кешенді реформалау және дамыту, жануарлар дүниесін және өсімдіктер әлемін қорғау, тұқым шаруашылығы, ветеринария, мал шаруашылығы саласында асылдандыру жұмыстарымен шұғылдану. Жерді тиімді пайдалану салалары бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, осы бағыттағы өзекті мәселелерді анықтау. Аудан аумағында өз қарауындағы қызмет салаларын реттейтін Қазақстан Республикасы Заңдары мен нормативтік-құқықтық актілерінің орындалуын бақылау. Өз қарауындағы мәселелер бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру барысында жергілікті атқарушы органдардың және басқа да мемлекеттік ұйымдардың қызметі мен күштерін үйлестіру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
a.kadr@bko.gov.kz
- 20.10.2023
- Батыс Қазақстан облысы әкiмiнің аппараты, 090000, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 179
-
8-711-2-24-06-30