Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты бірыңғай заң қызметінің бас маманы

Мемлекеттік орган

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі

Аймақ

Батыс Қазақстан облысы

Санат

D-4 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

243700

Жалпы біліктілік талаптары

D-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1 жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес.

 

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық

Функционалды міндеттер

Заңдылықты, азаматтардың бостандықтары мен мүдделерін қамтамасыз етудің жай-күйіне талдау жасауға қатысу.  Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарының, өкімдерінің, Үкіметі қаулыларының, басқа да республикалық нормативтік актілердің, облыс әкімдігі қаулыларының, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын бақылау және тексеруді қамтамасыз ету. Аппарат қызметінде заңнаманы жүзеге асыру, заңдылықты сақтау және норма шығармашылығы саласында мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу. Жер қатынастары және цифрлық технологиялар салаларындағы құқықтық мәселелерге жетекшілік ету және қызметтік үйлестіру. Басшылыққа қол қоюға ұсынылған құқықтық актілер жобаларының заңнамаға сәйкестігін тексеру, жетекшілік ететін мәселелері бойынша құқықтық құжаттардың жобаларына бұрыштама қою. Сотта, сондай-ақ басқа да ұйымдарда мемлекеттік орган қызметінің құқықтық мәселелерiн қарау кезiнде белгiленген тәртiппен жетекшілік ететін басқармалардың мүдделерiн бiлдiру. Жетекшілік ететін мәселелері бойынша бақылау-қадағалау сипатындағы ұсынулар мен ұйғарымдарды, сондай-ақ соттың жеке ұйғарымдарын қарау. Жетекшілік ететін басқармалар әзірлейтін құқықтық актілердің, шарттардың, іс жүргізу құжаттарының, сондай-ақ өзге де құқықтық сипаттағы құжаттардың жобаларын әзірлеуге, оның ішінде оларды мемлекеттік органның басқа да құрылымдық бөлімшелері әзірлеген жағдайда келісу жолымен қатысу. Заңнамалық актілерде көзделген жағдайда жетекшілік ететін басқармалардың құзыретiне жататын құқықтық мәселелер бойынша түсiндірмелер дайындау. Тиісті сот талқылауына әкеп соқтырған негізгі себептер мен жағдайларды анықтау мақсатында жетекшілік ететін ұйымның қатысуымен даулар бойынша талап арыз жұмысының, сот тәжірибесінің жай-күйін талдау және оларды жою мен кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныстар енгізу. Заңды күшіне енген сот актілерін орындау жөнінде шаралар қабылдауды қамтамасыз ету. Азаматтардың арыз шағымдарымен және тағы басқа жолданымдарын қарастыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 03.10.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

04.10.2023 – 12.10.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 25 МБ

Сұхбаттасу күні

18.10.2023

Сұхбаттасу орны

Батыс Қазақстан облысы әкiмiнің аппараты, 090000, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы 179

Анықтама алу үшін байланыс

Телефон 8-711-2-24-10-95