Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы әкімінің орынбасары
Теректі ауданы әкімдігі
Батыс Қазақстан облысы
512004
Жалпы біліктілік талаптары
Е-1 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлау, өзгерістерді басқару;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3, C-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
- Педагогика және психология
- Гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдер даярлау
- Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау
- Музыкалық білім
- Бейнелеу өнері және сызу
- Құқық және экономика негіздері
- Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану
- Гуманитарлық ғылымдар (білім саласы)
- Мәдениеттану
- Құқықтану
- Әлеуметтану
- Саясаттану
- Психология
- Журналистика
- Аймақтану
- Менеджмент
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Қоғамдық байланыс
- Еңбекті ұйымдастыру және нормалау
- Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі
- Әлеуметтік жұмыс
- Мәдени-тынығу жұмысы
- Кітапхана ісі
- Жалпы медицина
- Конфликтология
Функционалды міндеттер
Аймақтык деңгейде ішкі саясатты, жастар саясатын іске асырады. Аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарының, қоғамдық-саяси және діни бірлестіктердің қызметін үйлестіруді жүзеге асырады. Мәдениет пен өнер, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі, туризм және спорт салаларындағы мемлекеттік және мемлекеттік емес секторлардың, қылмыстық жазалауды атқаратын мекемелердің қызметін үйлестіруді жүзеге асырады, қоғамдық және аймақтық бірлестіктермен, саяси партиялармен және шығармашылық одақтармен өзара байланысты жүзеге асырады. Кедейшілік пен жұмыссыздықты азайтуға жауапты болып табылады. Жәрдемақылар мен басқа да әлеуметтік төлемдердің барлық түрлерінің, уақытында және толық төленуіне бақылау жасайды. Тұрғын халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау, көші-қон және демографиялық саясат, зейнетақымен қамтамасыз ету меселелерін шешеді. Отбасылық-демографиялық саясат, гендерлік саясат. Жетекшілік жасайтын салалары бойынша бюджеттік қаржыны мақсатты, тиімді және дер кезінде игеруді бақылауда ұстайды. Жетекшілік ететін салалары бойынша: Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасының Президент Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасының Үкіметтің, облыс әкімінің тапсырмаларының орындалуын; мемлекеттік және салалық бағдарламалардың, іске асырылуын қамтамасыз етеді. Жетекшілік ететін салаларында «2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы» секілді мемлекеттік және салалық бағдарламалардың орындалуын бақылайды. Мерзімді әскери тіркеу және қызметке шақыруды ұйымдастыру, нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жұмыстарын үйлестіреді. Теректі ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне жетекшілік етеді. Аудандық мансап орталығы, аудандық мұрағат, аудандық санитарлық-эпидемиология басқармасы, аудандық қорғаныс істері бөлімі, аудандық білім беру бөлімі, аудандық ішкі істер бөлімі, денсаулық сақтау ұйымдары, жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы, аудандағы халыққа қызмет көрсету орталықтарымен жұмыстарды үйлестіреді. Жеке және заңды тұлғалардың арыз-өтініштері мен өзге де жүгінулерін қарайды.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
a.kadr@bko.gov.kz
- 28.09.2023
- Батыс Қазақстан облысы әкiмiнің аппараты, 090000, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 179
-
8-711-2-24-06-30