Батыс Қазақстан облысы мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасының әкімшілік бөлімінің бас маманы
Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы
Батыс Қазақстан облысы
243700
Жалпы біліктілік талаптары
D-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
- Педагогика және психология
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Экономика
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Қаржы
Функционалды міндеттер
«Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын облыстық басқармалардың персоналды басқарудың бірыңғай қызметі» құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша Басқармада кадр жұмысын жүргізеді; өз құзыретi шегiнде мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті өткеруіне байланысты құжаттарды ресімдейді, мемлекеттік қызметшілердің дербес деректерін, оның ішінде мемлекеттік қызмет персоналы бойынша автоматтандырылған бірыңғай дерекқорда (ақпараттық жүйеде) есепке алуды жүзеге асырады; кадрлық мәселелер бойынша бұйрықтарды дайындауды және ресімдеуді жүзеге асырады; табель жүргізу бойынша жұмысты жүзеге асырады; әскери есепті жүргізуді қамтамасыз етеді; электрондық және қағаз құжат айналымы бойынша іс-қағаздарды жүргізу және жұмысын ұйымдастыру; «ҚБПҮ» белгісі бар құжаттармен жұмысты жүргізу; мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсының қызметін қамтамасыз ету бойынша жұмысты жүргізу; жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша жұмысты және есептілікті жүргізу және ұйымдастыру; жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерді тіркеу, олардың қозғалысын және уақтылы орындалуын бақылауды жүзеге асыру; Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің мінез-құлық стандарттарын сақтайды; еңбек тәртібін сақтайды; жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтайды; әкімшілік рәсімдерді сақтады; ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысымен бекітілген Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды сақтады; Қазақстан Республикасының заңнамасында және Басқармасы туралы Ережеде қарастырылған өзге де міндеттерді жүзеге асырады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
a.kadr@bko.gov.kz
- 04.10.2023
- Аппарат акима Западно-Казахстанской области, г.Уральск, проспект Нурсултан Назарбаева 179
-
8-711-2-24-11-76