Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімінің орынбасары

Мемлекеттік орган

Бөрлі ауданының әкімдігі

Аймақ

Батыс Қазақстан облысы

Санат

Е-1 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

512004

Жалпы біліктілік талаптары

Е-1 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлау, өзгерістерді басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3,  C-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Биологиялық және сабақтас ғылымдар
  • Агрономия
  • Мал шаруашылығы
  • Балық шаруашылығы
  • Жерге орналастыру
  • Агроинженерия
  • Ветеринария
  • Қызмет көрсету саласы
  • Гигиена және өндірісте еңбекті қорғау
  • Қоғамдық қауіпсіздік
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Экономика
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Экология
  • Гидрология
  • Кадастр
  • Қоғамдық денсаулық сақтау
  • Жалпы медицина
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Аграрлық саясатты іске асыру, агроөнеркәсіптік кешенді  реформалау және дамыту, табиғи ресурстарды пайдалану, тұқым шаруашылығы, мал шаруашылығы саласында асылдандыру жұмыстары және өкілеттігі шегінде бағаны тұрақтандыру, жер қатынастары, ветеринария, жануарлар дүниесін және өсімдіктер әлемін қорғау, ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеу, экология және қоршаған ортаны қорғау,  жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс  мәселелері  Жетекшілік ететін салаларда цифрлық технологияларды қолдану және енгізу. Ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, жер қатынастары бөлімдерінің қызметіне жетекшілік ету. Аудандағы жеке кәсіпкерлік субъектілерін «Бизнестің жол картасы-2020-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы және нәтижелі жұмыспен қамтудың және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде несиелендіру мәселелері бойынша банктік және қаржылық құрылымдармен кездесулер ұйымдастыру. Аудандағы азаматтардың мәртебесінің өзектендірілуі бойынша жұмыстардың жүргізілуін қадағалау. Статистика басқармасымен, Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы  министрлігімен,  ветеринариялық  бақылау  және  қадағалау  комитетінің Бөрлі аудандық аумақтық инспекциясымен және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мемлекеттік  қадағалау  бөлімімен өзара іс-қимылды жасау. Жер телімдерін пайдалануға және жеке меншікке беру жөніндегі ұсыныстарды қарау жөніндегі комиссияның, субсидия  алуға  ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің тізімін анықтау үшін аудандық ведомоствоаралық комиссияның, Бөрлі ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік құпияны қорғау жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін комиссияның жұмысына басшылық етеді. «Мемлекеттік жекешелік әріптестік» Заңына сәйкес аудандағы жобалардың жүзеге асырылуын ұйымдастыру. Ауданда  агроөнеркәсіптік  кешенді дамытудың аймақтық бағдарламасының іске асырылуына басшылық жасау. Кәсіпкерлікті дамыту, бизнес қоғамдастығының мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету, кәсіпкерлер үшін әкімшілік кедергілерді азайту, бизнесті қолдау бағдарламаларын іске асыруды ұйымдастыру. Ақсай қаласы және ауылдық  округ  әкімдерімен, ауыл шаруашылығы, бизнес құрылымдарымен байланыс жасау. «Е-Өтініштер» АЖ-де өтініштегі «мәселенің сипатын» және «өтініштер бойынша қабылданған шешім» деректемелерін толтыру сапасына жауапты. ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы №832 қаулысымен бекітілген ақпараттық–комммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды  сақтау.  Өз  өкілеттігі шеңберінде жеке және заңды тұлғалардың арыз-өтініштері мен өзге де жүгінулерін қарау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 01.09.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

04.09.2023 – 12.09.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 25 МБ

Сұхбаттасу күні

18.09.2023

Сұхбаттасу орны

Батыс Қазақстан облысы әкiмiнің аппараты, 090000, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 179

Анықтама алу үшін байланыс

8-711-2-24-06-30