Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты терроризмге қарсы комиссия жұмысы бөлімінің бас маманы (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалысы кезеңіне 28.05.2023 ж. дейін)

Мемлекеттік орган

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі

Аймақ

Батыс Қазақстан облысы

Санат

D-4 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

243700

Жалпы біліктілік талаптары

D-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1 жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес.

 

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Тарих
  • Философия
  • Халықаралық қатынастар
  • Дінтану
  • Шығыстану
  • Теология
  • Түркітану
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Әлеуметтану
  • Саясаттану
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Қоғамдық байланыс
  • Тарих (Гуманитарлық ғылымдар)
  • Исламтану
  • Тарих-Дінтану

Функционалды міндеттер

Облыс әкімі аппаратының облыстық дін істері басқармасы, Батыс Қазақстан облысы терроризмге қарсы комиссия, діни бірлестіктермен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының, Үкімет қаулыларының, Президент Әкімшілігі мен Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының, орталық мемлекеттік органдардың тапсырмаларының, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, облыс әкімдігі қаулыларының, облыс әкімінің хаттамаларының уақтылы орындалуын бақылауды қамтамасыз ету. Бөлімнің құзырына кіретін мәселелер бойынша облыс әкімдігі қаулыларының, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын әзірлеу барысында мемлекеттік органның стратегиялық шешімдерін әзірлеу, мемлекеттік органның мемлекеттік саясатын қалыптастыру және іске асыру. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша әкім аппаратында және жетекшілік ететін ұйымдарда өткізілетін әкімдік мәжілістеріне, облыс әкімінің, облыс әкімі орынбасарларының кеңестері мен іс-шараларына қатысу және хаттамаларды дайындауды қамтамасыз ету. Батыс Қазақстан облысында террористік тұрғыдан осал объектілердің тізбесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар дайындау. Терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарының, өкімдерінің, Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының, басқа да нормативтік актілердің, облыс әкімдігі қаулыларының, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын бақылау және тексерудің жай-күйіне талдау жасауға қатысу. Облыстың терроризмге қарсы комиссиясы жанындағы жұмыс тобының отырыстарына материалдар дайындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 23.08.2023

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

24.08.2023 – 28.08.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 25 МБ

Сұхбаттасу күні

01.09.2023

Сұхбаттасу орны

Батыс Қазақстан облысы әкiмiнің аппараты, 090000, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 179

Анықтама алу үшін байланыс

8-711-2-24-06-30