Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасының жер қойнауын пайдалану бөлімінің бас маманы, индексі ОН-2,

Мемлекеттік орган

Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы

Аймақ

Батыс Қазақстан облысы

Санат

D-О-4 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

282693

Жалпы біліктілік талаптары

D-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Экономика
  • Экология
  • Гидрология

Қосымша талаптар

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары негізінде жүргізіледі.

Функционалды міндеттер

Кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу және кен іздеушілік үшін жер қойнауын пайдалану құқығын беру; жер қойнауын пайдаланушылардың кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған, кен іздеушілікке арналған лицензиялар шарттарын сақтауына бақылау жасау және кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізуге және кен іздеушілікке бақылау жасау; жер қойнауын пайдаланушылардың кен іздеушілікке арналған лицензияда және осы Кодексте көзделген кен іздеушілік шарттарын сақтауына бақылау жасау; Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтар беру және оларды резервке қою (жерге орналастыру бөлімімен бірлесіп); жер учаскесіне құқықтарды Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодексінің 108-бабына сәйкес жасалатын жер қойнауы учаскесін сенімгерлік басқару шарты негізінде сенімгерлік басқарушыға қайта ресімдеу; пайдалы қазбалар жатқан аумақтарға құрылыс салуды реттеу, жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қорының геологиялық, геоморфологиялық және гидрогеологиялық объектілерін және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар санатына жатқызылған ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар жер қойнауы учаскелерін есепке алуды жүргізу; берген кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензиялар және кен іздеушілікке арналған лицензиялар туралы ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету; жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сарапшылық комиссия мен жұмыс тобының отырыстарын ұйымдастыру және өткізу; кең таралған пайдалы қазбалар саласында 4 мемлекеттік қызмет көрсету; таралған пайдалы қазбаларды жөнінде деректерді «Ашық деректер» www.egov.kz порталында орналастыру және жариялау; Қазақстан Республикасының заңнамасында жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде жүзеге асыру; жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштердің, сондай ақ жер қойнауын пайдалану бөлімнің функционалдық міндеттеріне қатысты кіріс-шығыс құжаттардың орындалуы бойынша бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру; сотта, басқа да мемлекеттік органдарда және қоғамдық ұйымдарда жер қойнауын пайдалану бөліміне қатысты құқықтық мәселелер қаралған кезде белгіленген тәртіппен Басқарманың мүддесін білдіреді; бөлімнің функционалдық міндеттеріне кіретін мәселелер бойынша кіріс хаттар мен азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және оларға жауап дайындау; кеңестерге ақпараттық материалдар дайындауды қамтамасыз етеді; бөлімнің іс жүргізу номенклатурасына сәйкес құжаттарды рәсімдеуге; бөлімнің құзыреті шегінде БАҚ-на материалдар дайындау, үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс жүргізуді ұйымдастыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 21.06.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

22.06.2023 – 01.07.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 25 МБ

Сұхбаттасу күні

10.07.2023

Сұхбаттасу орны

Батыс Қазақстан облысы әкiмiнің аппараты, 090000, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 179,

Анықтама алу үшін байланыс

8-711-2-24-80-67