Батыс Қазақстан облысының қоғамдық даму басқармасының ақпараттық саясат және бұқаралық ақпарат құралдарына мониторинг бөлімінің басшысы (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыс кезеңіне 2026 жылғы 12 ақпанға дейін. Негізгі қызметкер осы мерзімнің аяқталуына дейін жұмысқа шығу құқылы)

Мемлекеттік орган

Батыс Қазақстан облысының қоғамдық даму басқармасы

Аймақ

Батыс Қазақстан облысы

Санат

D-О-3 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

327923

Жалпы біліктілік талаптары

D-О-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Тарих
  • Құқық және экономика негіздері
  • Қазақ тілі мен әдебиеті
  • Орыс тілі мен әдебиеті
  • Шетел тілі: екі шетел тілі
  • Кәсіптік оқыту
  • Философия
  • Халықаралық қатынастар
  • Филология
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Әлеуметтану
  • Саясаттану
  • Психология
  • Журналистика
  • Аймақтану
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Қоғамдық байланыс
  • Тарих (Гуманитарлық ғылымдар)

Қосымша талаптар

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары негізінде жүргізіледі.

Функционалды міндеттер

Өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының мемлекеттік ақпараттық тапсырысты орындау жөніндегі қызметтерін үйлестіру, облыстағы өзекті ішкі саясат мәселелерін БАҚ-та жариялауды ұйымдастыруды қадағалау; қоғамдық даму және ішкі саясат саласындағы іс қимыл жоспары мен елеулі оқиғаларды ескере отырып, мемлекеттік органдармен жасақталған ақпараттық түсіндіру жұмыстарының медиажоспарларын жүзеге асыруды үйлестіру; Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын, мемлекеттік стратегиялық құжаттарды, үндеулер мен бағдарламалық мақалаларды ақпараттық қолдау және халық арасында түсіндіру мақсатында облыстық ақпараттық топтардың жұмысын үйлестіруді бақылау; мемлекеттік органдардың бұқаралық ақпарат құралдарымен, журналистер ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасауын ұйымдастыру; қоғамдық-саяси сала мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын, мемлекеттік ішкі саясатты насихаттау және түсіндіру жөніндегі бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру барысындағы жұмыстарды үйлестіріп отыру; Басқарма құзырына қатысты мәселелер жөнінде кеңес беру-түсіндірмелік жұмыстар жүргізуді үйлестіру; қоғамдық даму және ішкі саяси бағыттағы басымдықтарды БАҚ-та шығару бойынша әдістемелік ұсынбаларды дайындау және шығару; аймақтық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру, оның жүргізілуі бойынша мемлекеттік тапсырысты орындау жөнінде аймақтың бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін үйлестіріп отыру; мемлекеттік тапсырыс шеңберінде кітап өнімдерін шығару мен тарату жөніндегі жұмыстарды үйлестіру; отандық аудиовизуалды және шетелдік ақпарат өнімдеріне, газетжурналдарға мониторинг және талдау жүргізу; Конституциялық құрылымға қарсы, республика заңнамаларын сақтау мен ұлтаралық және конфессияаралық дауларды жандандыруға бағытталған материалдарды таратуға жол бермеу мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарына бақылауды жүзеге асыру; төтенше жағдайлардың алдын-алу және жұмылдыру дайындығы жөніндегі ақпараттық және ұйымдастырушылық жұмыстардың жүзеге асырылуын үйлестіру; төтенше жағдайлар және жұмылдыру дайындығы жұмыстарын жүргізу бойынша іс-шараларды ақпараттық сүйемелдеу жұмыстарын жүргізу; Басқармаға келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау; Басқарма құзырына қатысты мәселелер жөнінде жоғары тұрған органдардың құжаттарының уақытында және сапалы орындалуын бақылауды жүзеге асыру; Басқарманың құзырына кіретін мәселелер бойынша ақпараттық базаны жасақтау, жинақтау, жинап-қорыту және жіктеу; өз міндетіндегі жұмысты болжау және жоспарлау, қарауындағы қызметшілердің жұмысын ұйымдастыру және бақылау; сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұру және алдын алу; Қазақстан Республикасының заңнамасында және Басқарма туралы ережеде қарастырылған өзге де міндеттер мен талаптарды жүзеге асырады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 14.06.2023

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

15.06.2023 – 19.06.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 25 МБ

Сұхбаттасу күні

22.06.2023

Сұхбаттасу орны

Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 179

Анықтама алу үшін байланыс

24-20-56