Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты әлеуметтік-саяси талдау бөлімінің бас инспекторы

Мемлекеттік орган

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі

Аймақ

Батыс Қазақстан облысы

Санат

Категория D-3

Орташа лауазымдық айлықақы

282693

Жалпы біліктілік талаптары

D-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында бір жылдан кем емес;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;

4) кеңесші және көмекші лауазымдарына жұмыс тәжірибесі қажет емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Тарих
  • Қазақ тілі мен әдебиеті
  • Орыс тілі мен әдебиеті
  • Шетел тілі: екі шетел тілі
  • Кәсіптік оқыту
  • Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
  • Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті
  • Филология
  • Аударма ісі
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Саясаттану
  • Журналистика
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Қоғамдық байланыс
  • Тарих (Гуманитарлық ғылымдар)

Қосымша талаптар

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде жүргізіледі.

Функционалды міндеттер

Республикалық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдарға апта сайынғы және жедел мониторингті ұйымдастыру. Оның қорытындысы бойынша облыс басшылығына тиісті ақпарат  дайындау. Облыс әкімі үшін спичрайтингті материалдарды жедел дайындау, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарына ресми мәлімдемелер, хабарламалар, баспасөз-релиздерін, құттықтаулар, көңіл айтулар және өзге де ақпараттық материалдар дайындауға және таратуға жәрдем көрсету. Республикалық және облыстық баспа басылымдарының бас редакторларымен, телерадио компанияларының, ақпараттық агенттіктердің басшыларымен, корреспонденттік пункттердің өкілдерімен, республикалық, облыстық, қалалық және аудандық бұқаралық ақпарат құралдарының меншікті тілшілерімен жедел өзара іс-қимыл жасау. Қызмет құзырына жататын мәселелер бойынша жергілікті өкілді және атқарушы органдармен, облыс әкімі аппаратының бөлімдерімен, облыстық басқармалармен, қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау. Облыс, қала, аудандардағы медиа жұмыстың барлық бағыттары бойынша  электрондық деректер қорын жедел жаңартуды қамтамасыз ету. Облыс әкімінің және әкім аппаратының қызметін жарықтандыратын теле-радиохабарлар мен бағдарламалар, фото өнімдері мен басқа да материалдар ұйымдастыру. Ақпараттарды пайдаланушылардан келіп түсетін сауалдарға дер мерзімінде жауаптар дайындау. Қызметтің құзырына жататын мәселелер бойынша бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне консультативтік және әдістемелік көмек көрсету. Заңның 4-3-бабының 12-2) тармақшасына сәйкес бекітілетін бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті органмен бұқаралық ақпарат құралдарының өзара іс-қимылы бойынша уәкілетті тұлғаның (бөлімшенің) өзара іс-қимыл жасау ережесіне сәйкес бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасау.  

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 09.06.2023

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

12.06.2023 – 14.06.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 25 МБ

Сұхбаттасу күні

19.06.2023

Сұхбаттасу орны

Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 179

Анықтама алу үшін байланыс

8-711-2-24-11-20