Батыс Қазақстан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасының әкімшілік бөлімінің басшысы

Мемлекеттік орган

Батыс Қазақстан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасы

Аймақ

Батыс Қазақстан облысы

Санат

D-О-3 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

282693

Жалпы біліктілік талаптары

D-О-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Құқық
  • Құқықтану
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Қаржы

Қосымша талаптар

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде жүргізіледі.

 

Функционалды міндеттер

Бөлім жұмысына жалпы басшылық жасау (мәселелер мен тапсырмаларды шұғыл және жіті шешу, нормативтік-құқықтық актілердің, басшылықтың тапсырмаларының орындалуын, ішкі тәртіп ережесінің, қызмет әдебінің сақталуын бақылау және сақтау).

Облыстық мүлікті өтеусіз пайдалану шартын жасасу үшін облыстық мүлік объектілерді қабылдау-табыстау беру актісін дайындайды; Басшының өткізген жедел кеңестерін хаттамалайды; Мемлекеттік органдардың интранет-порталын «Батыс Қазақстан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесіндегі кадрлық өзгерістер туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді; «Батыс Қазақстан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай порталына материалдар орналастырады; «Батыс Қазақстан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінде іс жүргізуді бақылайды, әдістемелік басшылық көрсетеді; Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеудің және өңдеудің орындалу барысын бақылайды; «Батыс Қазақстан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшылығының құжаттары мен тапсырмаларының орындалуын бақылайды; «Батыс Қазақстан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мұрағатында құжаттарды сақтау немесе жою бойынша жұмысты бақылайды; Қаржылық қызмет бойынша есептерді (тоқсандық, жылдық бухгалтерлік, статистикалық, салықтық есептер) беруді қадағалайды; Қаржыландыру жоспарларының орындалуы бойынша операциялар есебін жүргізуді (жоспарларды түзетуді) қадағалайды;

Ұжымда жұмыс істей білу, өзін-өзі басқару, оқып үйрену, жан-жақтылық, жауаптылық, жинақылық, ынталылық, психологиялық орнықтылық.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 01.06.2023

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

02.06.2023 – 06.06.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 25 МБ

Сұхбаттасу күні

09.06.2023

Сұхбаттасу орны

Батыс Қазақстан облысы әкiмiнің аппараты, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 179

Анықтама алу үшін байланыс

8-711-2-24-11-20